Қазақстан тумасы, АҚШ-тағы Consilienz inc. компаниясының бас атқарушы директоры және негізін қалаушы Элисар Нұрмағамбетов Forbes Next 1000 америкалық тізіміне енді.
«Қазақстанның 27 жастағы тумасы Нұрмағамбетов 2019 жылы 66 жастағы Амир Сандердж есімді Танзания азаматымен бірлесе Consilienz компаниясын құрды. Бұл жүйе ақшаны жымқыру және алаяқтық, сонымен қатар адам саудасы сияқты қылмыстарды анықтаумен айналысады», деп жазылған хабарламада.
Кәсіпкердің айтуынша, тізімге кіру оңайға түспеген көрінеді. Өз әсерімен ол Instagram-дағы парақшасында бөлісті.
«Forbes Next 1000 – америкалық тізімі.Оған ену оңай болған жоқ. Мен көп нәрсені үйренуім керек және бұл тек бастамасы ғана. Осы уақыт ішінде мен «сіз тұрған шайқас – сіздің соңғы шайқасыңыз емес» екенін түсіндім. Қазір жеңген нәрсеңізді қайтадан еңсересіз», деп жазды ол.