• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
26 Желтоқсан, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1213

336 рет
көрсетілді

2013 жылғы 12 қараша,  Астана, Үкімет Үйі«Темір жол көлігін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 ақпандағы №87 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:1. «Темір жол көлігін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 ақпандағы №87 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., №14, 254-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:көрсетілген қаулымен бекітілген Темір жол көлігін техникалық пайдалану қағидаларында:35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«35. Қалпына келтіру пойызы Ұлттық инфрақұрылым операторының арнайы құрылымы болып табылады және жылжымалы құрамның рельстерден шығып кетуі мен соқтығысуының салдарларын жоюға арналады.»;36-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:«36. Өрт пойызы Ұлттық инфрақұрылым операторының арнайы құрылымы болып табылады және объектілер мен жылжымалы құрамда өрт сөндіру-профилактика жұмыстарын өткізуге және өрттерді сөндіруге арналады.»;40 және 41-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:«40. Жылжымалы құрамның рельстерден шығып кетуінің салдарын жою, авариялардың, объектілердегі және құрамдағы өрттерді сөндіру, сондай-ақ АЖҚ жетіспеген кезде жұмыста қиындықтардың туындауын, пойыздар қозғалысындағы іркілістердің алдын алу үшін Ұлттық инфрақұрылым операторы бөлімше бойынша бұйрықпен оперативтік резервтегі, жөндеудің жоспарлы түрінен өткен АЖҚ-ны пайдалануга тартады.»;«41. Ұлттық инфрақұрылым операторы және концессия шарттар бойынша теміржол иесі тиісінше пойыздардың үзіліссіз қозғалысын ұйымдастыруға арналған жағдайларды қамтамасыз етеді.»;42-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:«42. Қар жинағыш және қар тазалағыш техника (қар жинағыш пойыздар, соқалы қар тазалағыштар, қар тазалағыш жоңғылар, роторлы қар тазалағыштар) қысқы кезеңдегі жұмысқа Ұлттық инфрақұрылым операторы белгілеген мерзімдерде дайындалады. Қар жинағыш және қар тазалағыш техниканың қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін Ұлттық инфрақұрылым операторы белгілейді.»;43, 48, 88, 90 және 115-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:«43. Қар жинағыш және қар тазалағыш техниканы орналастыру жоспарын, қармен күресудің жедел жоспарын тиісінше Ұлттық инфрақұрылым операторы және концессия шарттары бойынша теміржол иесі бекітеді.»;«48. Күрделі метеорологиялық жағдай кезеңінде, қар жинағыш және қар тазалағыш техника жетіспеген кезде пойыздар қозғалысындағы іркілістер мен қиындықтарды болғызбау үшін Ұлттық инфрақұрылым операторы қар жинау жөніндегі жұмысқа деполық және/немесе күрделі жөндеуден өткен жедел резервтегі қар жинағыш және қар тазалағыш техниканы жұмысқа тартады.»;«88. Магистральдық және станциялық жолдардың, сондай-ақ Ұлттық инфрақұрылым операторына және концессия шарттары бойынша теміржол иесіне тиесілі теміржол кірме жолдарының жоспары мен бейіні кезең-кезеңімен аспап арқылы тексеріліп отырады.Жолдардың жоспары мен бейінін аспап арқылы тексеру, тиісті техникалық құжаттаманы дайындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, сондай-ақ станциялардың масштабтық және схемалық жоспарларын жасау тиісінше Ұлттық инфрақұрылым операторына және концессия шарттары бойынша теміржол иесіне жүктеледі.»;«90. Сұрыптау, учаскелік және жүк станцияларындағы сұрыптау дөңестерінің, дөңесасты және пішінделген тартымдық жолдардың бойлық бейіндерін үш жылда кемінде бір рет тиісінше Ұлттық инфрақұрылым операторы және концессия шарттары бойынша теміржол иесі тексереді. Барлық станциялардың станциялық жолдарының қалған ұзындығында бейін он жылда кемінде бір рет тексеріледі.Басты жолдардың бойлық бейін аспап арқылы тексеру жолдарды күрделі және орташа жөндеу кезеңінде жүргізіледі. Жолдың жоспары мен бейінінің өзгеруіне алып келетін қайта құру жүргізілетін магистральдық және станциялық жолдардың учаскелерін жұмысты орындаушылар жұмысты аяқтаған соң тиісінше Ұлттық инфрақұрылым операторына немесе концессия шарттары бойынша теміржол иесіне тиісті құжаттаманы ұсына отырып, тексереді.Станция аумағында жаңа объектілер салған, қолда барларын кеңейткен немесе басқа орынға ауыстырған кезде осындай жұмыстарды орындайтын кез келген ұйым қолданыстағы станцияның дамуына объектінің байланыстырылуын белгілейтін орындаушылық құжаттаманы дереу тиісінше Ұлттық инфрақұрылым операторына немесе концессия шарттары бойынша теміржол иесіне беруі тиіс»;«115. Инженерлік коммуникация, құбыржолдар, өтпе, байланыс желісі, электр беруді, мұнай құбыржолдары, газ құбыржолдарын, сондай-ақ олардың теміржолмен қиылысатын объектілерді немесе олардың өте жақын орналасқан жолақ бұрамасының шегінде орналасқан құрылыстарды орналастыру, салу және пайдалану шарттары оған тапсырыс беруші мен тиісінше Ұлттық инфрақұрылымның операторы немесе концессия шарттары бойынша теміржол иесі арасындағы шарт бойынша анықталады.»;«116-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «116. Кірме жолдардың магистральдық және станциялық жолдарға жалғасуы тиісінше Ұлттық инфрақұрылым операторының немесе концессионердің келісімімен жүзеге асырылады.»;187 және 213-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «187. Ұлттық инфрақұрылым операторы белгілейтін тізбеге сәйкес станциялар мен диспетчерлік учаскелердегі пойыздық және станциялық радиобайланыс құрылғылары сөйлесуді құжатталған тіркеу жүйесімен жабдықталады.Сөйлесуді құжатталған тіркеу жүйесін пайдалану тәртібін Ұлттық инфрақұрылым операторы белгілейді.»;«213. Қажет болғанда, жекелеген өтпе жолдарда жүрдек жолаушылар пойызын өткізу кезінде қосымша қауіпсіздік шарасы ретінде өтпе жолдар бойынша кезекші қосынына қарама-қарсы орналасқан көлденең бұрылатын қосалқы тоспалар жабылып, құлыпқа бекітілуі тиіс. Мұндай өтпе жолдардың тізбесін Ұлттық инфрақұрылым операторы белгілейді.»;215-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:«Автоматика және телемеханика құрылғылары бойынша үлгілік техникалық шешімдерді тиісінше Ұлттық инфрақұрылым операторы немесе концессия шарттары бойынша темір жол иесі бекітеді. Автоматика және телемеханика құрылғыларында үлгілік емес техникалық шешімдерді қолдануға рұқсат етілмейді.»;229-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:«Қолданыстағы жасанды құрылыстарда көрсетілген қашықтықтарды азайтуга тиісінше Ұлттық инфрақұрылым операторының немесе концессия шарттары бойынша теміржол иесінің техникалық шешімдерінің негізінде уәкілетті органның келісімі бойынша рұқсат етіледі.»;230-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Мұндай жерлердің тізбесін тиісінше Ұлттық инфрақұрылым операторы немесе концессия шарттары бойынша теміржол иесі белгілейді.»; 234-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Магистральдық және станциялық жолдарда айырғыштарды, ажыратқыштарды ауыстырып қосу тиісінше Ұлттық инфрақұрылым операторының (энергодиспетчердің) немесе концессия шарттары бойынша теміржол иесінің жауапты қызметкерінің бұйрығы негізінде ғана жүргізіледі.»;236 және 262-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:«236. Түйіспелі тораптың, автобұғаттау және бойлық электрмен жабдықтаудың электр қоректену және секциялау схемасын тиісінше Ұлттық инфрақұрылымдық операторы немесе концессия бойынша теміржол иесі бекітеді.»;«262. Бір жолды учаскеде жұмыс жүргізу үшін аралықты, ал қос жолды немесе көп жолды учаскеде бір немесе бірнеше жолды жабу егер ол көршілес теміржол ұйымдарымен белгіленген қозғалыс мөлшерлерінің өзгеруіне алып келмесе, тиісінше Ұлттық инфрақұрылым операторының немесе концессия бойынша теміржол иесінің рұқсатымен жүргізіледі. Егер мұндай жабу ТМД елдерінің көршілес темір жолдарына белгіленген пойыздар қозғалысы мөлшерлерінің өзгеруіне алып келсе, оған басқа темір жол әкімшіліктерімен келісу рұқсат беріледі.»;263-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:«Жұмыс басшысы аралықтың немесе жолдардың жабылғаны туралы жауапты қызметкердің (пойыз диспетчерінің) тиісінше Ұлттық инфрақұрылым операторының немесе концессия бойынша теміржол иесінің бұйрығын (жазбаша хабарлама, телефонхат немесе жеделхат нысанында) алғанға дейін және жұмыс орындары сигналмен қоршалғанға дейін жұмысқа кірісуге рұқсат етілмейді.»;264-тармақтың екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:«Қолданыстағы автоматика, телемеханика және телекоммуникация немесе электрмен жабдықтаудың құрылғыларының жұмысын қалпына келтіру тиісінше жауапты қызметкерден (автоматиканың, телемеханиканың және телекоммуникацияның аға электр механигінен немесе энергодиспетчерден), Ұлттық инфрақұрылым операторынан немесе концессия шарттары бойынша теміржол иесінен хабарлама алғаннан кейін жүргізіледі.».2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.

Соңғы жаңалықтар