Атырауда полиция қызметкерлері салынып жатқан құрылыс нысанының үшінші қабатында жүрген адамды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 102 операторына 16 ақпанда сағат 15:17 шамасында ер адамның 3-ші қабатта айқайлап тұрғаны туралы хабарлапты.
«Мақат ауданының 39 жастағы тұрғыны Атырау қаласындағы «Алмагүл» шағын ауданында салынып жатқан құрылыс нысанының 3-ші қабатына шығып кеткен. Ол наркологиялық сараптамадан өткізілді. Нәтижесінде оның спирттік ішімдік ішпегені белгілі болды. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 434-бабымен (Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер) әкімшілік хаттама толтырылды» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.