• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Ақпан, 2021

Атырауда екі жобаның құны 817 млрд теңгені құрайды

300 рет
көрсетілді

Биыл Атырауда Индустрияландыру картасы аясында 817 млрд теңгенің екі жобасын іске қосу көзделіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің айтуынша, бұл жобаларда 570 жұмыс орны ашылады. 

«Былтыр Индустрияландыру картасы аясында 7 жоба іске қосылып, 580  жұмыс орны ашылды. Сондай жобалардың қатарында «Доктор Хаус» ЖШС-нің медициналық бетперде шығару өндірісі, «Бұйырғын» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің құс етін өндіретін фабрикасы мен «Бест Модуль» ЖШС-нің металлдан модульдік ғимарат жасау цехы бар» деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.