• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Ақпан, 2021

Атырау кәсіпкерлері жобасын дамытуға 28 млрд 600 млн теңге несие алды

299 рет
көрсетілді

Атырау облысында шағын және орта кәсіпкерлік қанат жайып келеді. Былтыр 453 кәсіпкер бизнес-жобасын дамыту үшін 28 млрд 600 млн теңгенің несиесін алды.

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің айтуынша, пандемия қаупі күшейген кезде шағын және орта бизнестің 22 мыңнан астам субъектісіне салықтық жеңілдіктер берілді. Ал 5 мыңға жуық кәсіпкерлік субъектісіне көмек көрсетілді.

«Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы шеңберінде 453 кәсіпкерге жобасын іске асыру үшін 28 млрд 600 млн теңгеге несие берілді. Кәсіпкерлер өз жобалары арқылы 670 жаңа жұмыс орнын ашады» деді Махамбет Досмұхамбетов.