• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Ақпан, 2021

Қостанай облысында 50-ге жуық инвестжоба жүзеге асырылады

162 рет
көрсетілді

Бүгін Қостанайда «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы саяси кеңес бюросының отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен өткен жиында 22 негізгі индикаторы бар сайлау бағдарламасын іске асыру жөніндегі «Жол картасы» мақұлданды.

«Бұл индикаторлар бойынша 136 іс-шара бекітілді. Олардың орындалу мерзімі бірнеше жылға созылады. Сонымен қатар, жауапты орындаушылар да анықталды. Алдағы 2021-2025 жылдары облыста 50-ге жуық инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Аталмыш жобалар сәтті жүзеге асырылса, 6 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Мұның бәрі азаматтарымыздың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді», деді облыс әкімі.