Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі дербес деректерді қорғауды күшейту жөніндегі заң жобасына ұсыныстар қабылдайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында министрлік дербес деректер саласын жетілдіруге және оларды қорғауға бағытталған заңнамаға түзетулер әзірлеуді бастады.
Цифрлық сервистер қазақстандықтардың өміріне жиі қолданысқа енуде, сонымен қатар дербес деректердің таралып кету тәуекелі де артып келеді. Қазіргі заманғы шындықтағы дербес деректердің қауіпсіздігі мәселелері біздің еліміз үшін басым мәселелердің бірі болып табылады.
Осыған байланысты әрбір қазақстандық дербес деректерді қорғауды күшейту, жеке деректерге қатысты өз құқықтарын кеңейту және осы саладағы ұлттық заңнаманы жақсарту бойынша өз ұсыныстарын енгізе алады.
Ұсыныстар 2021 жылғы 15 наурызға дейін төмендегі тәсілдермен қабылданады:
- «Электрондық үкімет» порталында электрондық түрде;
- kib@mdai.gov.kz электрондық пошта;
- пошта арқылы мына мекенжайға: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 2-кіреберіс.
Жиналған ұсыныстар бірыңғай заң жобасында қалыптастырылады, өз кезегінде жұртшылықпен талқылауға шығарылатын болады.
Мазмұны бойынша ұсыныстар негізді әрі дәлелді болуға, сондай-ақ Конституциямен кепілдік берілген адам құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға тиіс екенін атап өткен жөн.