• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Әлем 18 Ақпан, 2021

Анкарада Манас ескерткіші орнатылады

317 рет
көрсетілді

Түркияның астанасы Анкарада қырғыз дастанының кейіпкері Манас батырға ескерткіш орнатылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тиісті келісім жайлы Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі таратқан хабарламада айтылғандай,  Қырғыз Республикасының Түркия Республикасындағы Елшісі Кубанычбек Омуралиевтің Анкара қаласының Кечиорен муниципалитетінің басшысы Тургут Алтынокпен кездесуінде айтылған. 

Ескерткіш Кечиорен муниципалитеті ғимаратының алдындағы алаңға орнатылады.

«Тараптар Манас ескерткішін орнату туралы келісімді растады, сондай-ақ «Эстергон бекінісі» аталатын түркі мәдениеті орталығында қырғыз халқының ұлттық шығармаларының өнімдеріне арналған көрме үшін орын бөлінді», - делінген хабарламада.