• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Әлем 18 Ақпан, 2021

Сицилия аралында Этна жанартауы атқылады

733 рет
көрсетілді

Ұлттық геофизика және вулканология институты жергілікті уақыт бойынша 16:10-да жанартаудың белсендігі жоғарылағанын тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Бұл 2,9-дан 3 шақырымға дейінгі тереңдікте болған жер асты дүмпулерінен болған. Атқылау биіктігі бір шақырымнан асты. Сонымен қатар вулканологтар бұл оқиға жергілікті тұрғындарға қауіп төндірмейді деп сендіреді.

«Қазір уайымдамай, көріністен ләззат алуға болады», деді Марок Нери ұлттық геофизика және вулканология институтының маманы.

Катанияда түтін мен ауаға атқылаған күл салдарынан халықаралық әуежайдың жұмысын тоқтатуға тура келді. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Ал жергілікті тұрғындар әлеуметтік желілерде жанартаудың суреттері мен видеосын таратып жатыр. 

Этна − Еуропадағы ең үлкен және белсенді жанартау, оның биіктігі 3,3 мың метрге жетеді. Осыған дейін қаңтардың соңында жергілікті тұрғындар жанартаудан лава атқылаған көріністі бақылаған болатын.