2013 жылғы 28 тамыз, Астана қаласы
Жүзеге асыратын міндеттерді орындауы үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы № 94-V «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңының 25-бабы 2-тармағы 1) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Жүзеге асыратын міндеттерді орындауы үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі бекітілсін.2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау құрылымдық бөлімшелердің, комитеттердің және ведомствоға бағынысты ұйымдардың басшыларына жүктелсін.3. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2013 жылғы 25 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.Министр Б. ИМАШЕВ.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің2013 жылғы 28 тамыздағы № 286 бұйрығымен бекітілген
Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесір/с № Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің атауы1. Тегі 2. Аты 3. Әкесінің аты (бар болған жағдайда)4. Тегін, атын, әкесінің атын ауыстырғаны туралы мәліметтер 5. Тегі мен атының транскрипциясы 6. Туу туралы мәліметтер:туған күні;туған жері7. Нәсілдік және ұлттық тиістілігі 8. Діні 9. Жынысы10. Жанұялық жағдайы туралы мәлімет:тұрмыста бар-жоғы;неке қию туралы куәлік деректері;неке бұзу туралы куәлік деректері;жұбайының тегі, аты, әкесінің аты;жұбайының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері;туыстық деңгейі;отбасының басқа мүшелерінің, қарауындағы адамдардың тегі, аты, әкесінің аты және туған күндері;балаларының (оның ішінде асырап алған, қарауындағы) бар-жоғы және олардың жасы11. Баланы асырап алу туралы куәлік деректері12. Әкелікті анықтау туралы куәлік деректері13. Азаматтығы туралы деректер:азаматтығы (бұрынғы азаматтығы);Қазақстан Республикасының азаматтығын алған күні;Қазақстан Республикасының азаматтығын алу негізі;Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған күні;Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылу негізі;Қазақстан Республикасының азаматтығын қайта алған күні;Қазақстан Республикасының азаматтығын қайта алу негізі14. Еңбек кітапшасының нөмірі, сериясы және берілген күні туралы мәліметтер15. Ағымдағы уақыттағы еңбек қызметі туралы деректер:лауазымының, құрылымдық бөліністің, ұйымның, оның атауын толық көрсету;жалпы және үздіксіз еңбек өтілі;мекенжайлары және телефондары, сондай-ақ оларда бұрын атқарған лауазымының толық атауын және осы ұйымдарда жұмыс істеген уақытын көрсете отырып, басқа ұйымдардың деректемелері16. Білімі, біліктілігі және арнайы атақтарының немесе арнайы даярлығының бар-жоғы туралы мәлімет:оқу орнына түскен күні (оқу орнынан шыққан күні);дипломның, куәліктің, аттестаттың немесе білім беру мекемесін бітіргені туралы басқа да құжаттың сериясы, нөмірі, берілген күні;білім беру мекемесінің атауы және орналасқан жері;факультеті немесе бөлімшесі, білім беру мекемесін бітіргеннен кейінгі біліктілігі және мамандығы;ғылыми деңгейі;ғылыми атағы;шетел тілдерін білу17. Біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы мәліметтер:біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттың сериясы, нөмірі, берілген күні;білім беру мекемесінің атауы және орналасқан жері;білім беру мекемесін бітіргеннен кейінгі біліктілігі және мамандығы18. Тұратын жерінің мекенжайы, тұрғылықты жері немесе келген жері бойынша тіркелу күні19. Байланыс телефондарының нөмірлері 20. Мінездеме 21. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)22. Бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) 23. Портреттік суреті (цифрланған суреті)24. Қолы25. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері:құжаттың атауы;құжаттың нөмірі;құжаттың берілген күні;құжаттың жарамдылық мерзімі;құжатты берген орган26. Жеке басты куәландыратын құжаттардың жарамсыздық, жоғалту, жою себептері туралы мәліметтер27. Ауруының болуы (болмауы)28. Уақытша еңбекке жарамсыздық туралы мәліметтер29. Соттылығының болуы (болмауы)30. Мүлікті сенімгерлікпен басқару беру жөнінде деректер31. Әскери міндетті адамдарды және әскери қызметке шақыруға жататын адамдарды әскери есепке алу туралы мәліметтер:әскери билеттің сериясы, нөмірі, берілген (тапсырған) күні;әскери билетті берген органның атауы;әскери есепке алу мамандығы;әскери атағы;есепке алу/шығару туралы деректер;әскери қызметтен босату негізі32. Мемлекеттік және ведомстволық наградалар, грамоталар, алғыс хаттар туралы мәліметтер;Награда атауы немесе аты;Марапаттау туралы нормативтік актінің күні мен түрі 33. Еңбекақысы туралы мәлімет:жалақысы;үстемақылары;салықтар бойынша деректер34. Шетелдегі мекенжайы35. Заңды тұлғаның атауы (соның ішінде өзгерту, қайта құру және таратуға дейінгі)36. Заңды мекенжайы, заңды мекенжайы тіркелген (тіркеуден шығарылған) күні, қызмет түрі 37. Әлеуметтік жеңілдіктер және әлеуметтік мәртебесі туралы мәліметтер (жеңілдіктер мен мәртебені беруге негіз болып табылатын құжаттың сериясы, нөмірі, берілген күні, құжатты берген органның атауы)38. Электрондық мекенжайы, интернет - ресурстарындағы сайты39. Зейнетақы қорынан және жеке шотына түсімдерден мәліметтер 40. Мүлкі (мүліктік жағдайы) туралы мәліметтер:автокөлік;орналасу мекенжайлары;жылжымайтын мүлік объектілерін алу әдісі және негізі41. Аттестаттау, қызметтік тексерістер материалдары42. Жеке құрам бойынша өкімдердің түпнұсқаларында және көшірмелерінде және олардың материалдарында көрсетілген мәліметтер43. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы мәліметтер44. Қайтыс болу күні және себебі жөнінде деректер45. Жылжымайтын мүлік объектісі туралы мәлімет: Сәйкестендіру сипаттамалары (жылжымайтын мүліктің мекенжайын, мекенжайдың тіркеу кодын, түрін, кадастрлық нөмірін, меншік нысанын, құрамдастырының санын, жерлерінің, санаттарын, бөлінуін, нысаналы мақсатын, қабатын, ауданын (жалпы, тұрғын, пайдалы)); Техникалық сипаттамалары46. Мiндеттi мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүліккепiлiн тіркеу туралы мәліметтер: Мiндеттi мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепiлi тiркеу жүргізуге негіз болған құжаттар; Мiндеттi мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепiлi тіркеу жүргізуге негіз болған құжаттардың күні, айы, жылы мен нөмірі; 47. Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлінде қатысып отырғандар кепіл ұстаушының, кепіл берушінің, қарыз алушының атаулары туралы мәліметтер48. Мiндеттi мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепіл тіркеудің түрі болып табылатын жылжымалы мүліктің мәліметтері49. Сенімхат 50. Төлемдік тапсырыстар51. Мемлекеттік баж төлеу жөніндегі құжат (мемлекеттік баж төлеу жөніндегі құжатың нөмірі мен күні)52. Виза53. Құрылтайшы – шетелдік заңды тұлғаның шет мемлекеттік заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын сауда тізілімінің заңдастырылған үзінді көшірмесі немесе басқа да заңдастырылған құжат54. Заңды тұлғаны құру туралы шешім 55. Заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған орган бекіткен, қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құқықтық мирасқорлық туралы ережелері көрсетілген тапсыру актісі және заңды тұлға уәкілетті органының тапсыру актісін бекіту туралы шешімі56. Заңды тұлға мүлкі меншік иесінің немесе меншік иесі уәкілеттік берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешiмi, заңды тұлғаның мөрімен бекітілген, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында уәкілеттік берілген органның қайта ұйымдастыру туралы шешiмi57. Заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған орган бекіткен, қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құқықтық мирасқорлық туралы ережелері көрсетіле отырып – бөліну балансы58. Заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкiлдiк) туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделетін, мемлекеттік (есептік) қайта тіркеу туралы заңды тұлғаның уәкiлеттi органының заңды тұлға мөрімен бекемделген шешiмi не шешiмiнен үзiндi көшірмесі;59. Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне және құрылтай құжаттарына сәйкес шаруашылық серiктестiгiнiң шығатын қатысушысының серiктестiк мүлкiндегi (жарғылық капиталындағы) үлесiне немесе оның бiр бөлiгiне құқығының иелiктен шығарылғанын (біреуге беру) растайтын құжат ұсынылады;60. Кедендік баждар, салықтар және кедендік алымдар бойынша берешегiнiң жоқ екендiгi туралы анықтама61. Акция шығарылымдарының күшiн жою туралы куәлiк (акционерлiк қоғамдар үшiн)62. Заңды тұлғаның мөрiн жою туралы құжат 63. Заңды тұлға мүлкi меншiк иесiнiң немесе меншiк иесi уәкiлеттiк берген органның не құрылтай құжаттарымен уәкiлеттiк берiлген заңды тұлға органының заңды тұлға мөрiмен бекітілген шешiмi 64. Жарғының (ереженiң) телнұсқасын алу туралы заңды тұлғаның уәкiлеттi органының заңды тұлға мөрiмен бекемделген шешiмi не шешiмiнен үзiндi 65. Заңды тұлғаның (филиал мен өкілдіктің), заңды тұлғаның (филиал мен өкілдіктің) басшысының және құрылтайшылардың телефон нөмірлері66. Шетелдік жеке және заңды тұлғаның салық тіркеу нөмірінің аналогы67. Заңды тұлғаның таратылуы, кредиторлардың талаптарды мәлiмдеу тәртiбi мен мерзiмдерi туралы ақпараттың Әділет министрлiгiнiң ресми баспасөз басылымдарында жарияланғанын растайтын құжат68. Заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылғаны туралы кредиторлардың жазбаша хабардар етілгенін растайтын құжат69. Эксперттік мамандық, сот сараптаманың белгіленген түрін жасауға құқық беретін біліктілік куәлігінің берілген күні мен нөмірі
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 28 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 8668 болып енгізілді.