2013 жылғы 31 шілде, Астана қаласы
Су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу Ережесін бекіту туралы
«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы 9 бабының 1- тармағы 51-11) тармақшасына сәйкес, бұйырамын:1. Қоса беріліп отырған су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу Ережесі бекітілсін. 2. «Су айдындарына балық жіберу, балықтардың жаңа түрлерін жерсіндіру, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 11-2/442 бұйрығының күші жойылсын деп танылсын (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде № 7932 болып тіркелген, 2012 жылғы 7 қарашадағы № 385-387 (27204-27206) «Егеменді Қазақстан» газетінде жарияланған).3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр Н.Қаппаров
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің2013 жылғы 31 шілдедегі №231-өбұйрығымен Бекітілген
Су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу Ережесі
1. Жалпы ережелер1. Осы су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу Ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593 Заңының (бұдан әрі - Заң) 9 бабы 1 тармағы 51-11) тармақшасына сәйкес әзірленген және су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу (тауарлы балық өсіру мақсаты үшін пайдаланатын жасанды тоғандар және ирригациялық суарылатын жүйелерді алып тастағанда) тәртібін анықтайды.2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган, ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – уәкiлеттi орган) – жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы басшылықты және мемлекеттік саясатты іске асыруды, сондай-ақ өз өкілеттіктері шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;2) су айдындарын балықтандыру - өз өсімін өзі молайтатын популяцияларды жасау, құнды, сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген балықтарды сақтау және (немесе) тауарлы өнімді алу мақсатымен су айдындарына және (немесе) учаскелеріне балық өсіру материалдарын және балықтарды жіберу;3) биологиялық негiздеме – жануарлар дүниесiн пайдалануға, жануарлар дүниесi объектілерінің жол берілетін аулау мөлшерін анықтауға, сондай-ақ жануарлар дүниесiнiң объектiлерi мен олардың мекендеу ортасына ықпал етуге қабілетті қызметке арналған ғылыми негiзделген қорытынды; 4) су нысандарындағы балық шаруашылық мелиорациясы – су айдындарының балық өнімділігін сақтауға және ұлғайтуға, балық ресурстары мен басқа да су жануарларының өмір сүру жағдайлары мен өніп-өсуін жақсартуға бағытталған шаралар кешені;5) күрделі мелиорация – күрделі шығындары жоғары болғанда (өзендерді тереңдету, гидротехникалық жұмыстар және т.б.) ұзақ мерзімге оң әсер етуді қамтамасыз ететін іс-шаралар кешені немесе оның жеке түрлері. Күрделі мелиорация жүргізу мекендеу ортасының және гидробионттардың түрлік құрамының айрықша өзгеруіне алып келеді. 6) ағымдағы мелиорация – күрделі шығындарды қажет етпейтін (жас балықты құтқару, қатып қалудың алдын алу) қысқа мерзімде оң нәтижеге қол жеткізетін техникалық және биологиялық шұғыл сипаттағы іс-шаралар кешені. Ағымдағы мелиорацияда ережедегідей мекендеу ортасының және гидробионттардың түрлік құрамының айрықша өзгеруі болмайды. 7) балықтардың қырылуы – балық ресурстарының және басқа да су жануарларының су айдынының және (немесе) учаскесінің гидрохимиялық және өзге де режимінің бұзылуынан туындаған жаппай қырылуы;8) балықтың қырылу қаупі бар су айдыны және (немесе) учаскесі – балық шаруашылығының балық әлсін-әлсін қырылуға ұшырайтын су айдыны және (немесе) учаскесі;9) биологиялық объектілердің көмегімен артық өсімдіктерді жою – судың түстенуіне әкелетін төменгі балдырлар мен өсімдіктерді жою үшін су айдынына өсімдік қоректі балықтар жіберу;10) табиғи уылдырық шашу орнын қалпына келтіру - бұрын жоғалған уылдырық шашу орнын суландыруға мүмкіндік туғызатын, олардың лайлануын болдырмау, қорытпа және басқа да тасталымдардан тазалау, уылдырық шашу кезеңінде судың қалыпты теңдігін қамтамасыз ететін техникалық шаралар кешені;11) балықтардың уылдырық шашатын орынға өтуін қамтамасыз ету - өрістегіш және жартылай өрістегіш балықтарды өндірушілердің өзендерге өтуін қамтамасыз ету жөніндегі гидротехникалық және басқа да шаралар жүйесі (түптереңдету, өсімдіктерді ору, деңгейлік режимді қолдау); 12) құндылығы аз түрлерді аулау– құндылығы аз түрлерді құндылыраққа ауыстыру бойынша кешенді іс-шаралар бөлігі; 13) су айдындарын немесе учаскелерін тазалау – балық шаруашылық айдындарын ластайтын сплавиналарды, су басқан ағаштар мен бұталарды, құрылыс конструкциялары мен материалдарын жою арқылы балық және басқа да су жануарларын қауіпсіз және тиімді аулауды, уылдырық шашатын көші-қонды қамтамасыз ету бойынша техникалық шаралар жүйесі; 14) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланушылар (бұдан әрі - пайдаланушылар) - әрекеттегі заңнамаға сәйкес балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға құқық берілген жеке және заңды тұлғалар; 15) балықтарды бөлініп қалған су айдындарынан және ирригациялық жүйеден қорғау – аса қолайлы су айдындарына тасымалдау және аулау жолымен, немесе су (түсу) және су айдындарынан шабақтарды жіберу үшін каналдар арқылы біріктіру жолымен балықтардың қырылуын болдырмау бойынша гидротехникалық және басқа шаралар кешені. 16) су айдындарының сумен қамтамасыз етілуін жақсарту – су жануарларын қолдау және өмір сүру жағдайы мен көбеюін жақсарту жөніндегі гидротехникалық және басқа да шаралар кешені (судың химиялық құрамы, ағымдылығы, деңгейлік режимі);17) артық өсімдікті ору – артық өсімдіктерді механикалық және/немесе биохимиялық жою (су айдындарын балықтандыру, оның ішінде өсімдікқоректі балық түрлерін жерсіндіру жолымен өну (өсімін оңтайландыру), судың гүлденуін туғызатын артық өсімдіктерді және төмен балдырларды), сондай-ақ ұсақ (құнсыз) ихтиофаунаны ұтымды игеру, кесу, тамыр жүйесінің зақымдануы, өскен учаскелерді қысқа мерзімді құрғату, рұқсат етілген химиялық құралдар мен препараттарды пайдалану мақсатында мелиораторлар басқа да балық түрлерін орналастыру); 18) жасанды уылдырық шашуды орнату – жасанды жасалған уылдырық шашуды орнату, галечникті, құмды төсеу және басқа іс-шаралар жолымен көбеюдің қолайсыз жағдайларымен су айдындарында табиғи өсімді молайтуды қолдау бойынша іс - шаралар; 19) Көл-тауарлы балық өсіру шаруашылығы (бұдан әрі - КТБӨШ) –құндылығы аз балықтарды аулау, орналастыру, өсіру және кейіннен олардан құнды балық түрлерін аулау есебінен оларға ихтиофаунаны толық немесе жартылай ауыстыру жолымен балық шаруашылық су айдындарын пайдалануды жақсартумен айналысатын шаруашылық.
2. Су айдындарын балықтандыру бойынша жұмыстарды жүргізу тәртібі3. Су айдындарын балықтандыру бойынша жұмыстар жүзеге асырылады: 1) Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, жасанды өсіру және өсімін молайту, орнықты пайдалануды қамтамасыз ететін республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындармен (бұдан әрі – мемлекеттік кәсіпорындар); 2) қызметі балық ресурстарының жасанды өсімін молайтумен байланысты жеке және заңды тұлғалармен; 3) пайдаланушылармен, сондай-ақ балық аулаушылардың қоғамдық бірлестіктерімен және балық шаруашылығы субъектілерімен; 4) балық ресурстарына және басқа да су жануарларына зиян келтіретін шаруашылық және өзге қызметті жүзеге асыратын субъектілермен (бұдан әрі – шаруашылық субъектілер); 5) қызметі КТБӨШ-да тауарлы өнім алумен байланысты жеке және заңды тұлғалармен.4. Су айдындарын балықтандыру бойынша жұмыстар уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшесімен құрылатын комиссиямен қабылданады. Комиссия құрамына аумақтық бөлімшенің (комиссия төрағасы), тиісті облыстың (немесе қаланың, ауданның ) жергілікті атқарушы органдары, балық шаруашылық профильді ғылыми ұйымдар (келісім бойынша) өкілдері, су айдынын пайдаланушы (бекітілген су айдыны болған жағдайда (бұдан әрі - комиссия) кіреді. Балықтандыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 қыркүйектегі № 1230 «Мемлекеттік ветеринариялық - санитарлық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес ветеринариялық - санитариялық қауіпсіздігін растайтын ветеринариялық сертификат бар болған жағдайда жүзеге асады. Су айдынына балық отырғызу материалдарының әрбір легін жіберу осы Ереженің 2 қосымшасына сәйкес нысанда балықтандыру актісі түрінде комиссиямен белгіленеді. 5. Осы Ереженің 3 тармағында көрсетілген субъектілер, комиссия мүшелерін су айдындарын балықтандыру бойынша алдағы жұмыстар жөнінде олар басталғанға дейін 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей хабарландырады. 6. Ғылыми ұсыныстарды қалыптастыруда (биологиялық негіздемені) келесі ақпарат есепке алынады: 1) су айдындарына балықтандыру жүргізудің мақсаттылық негізі және күтілетін нәтиженің болжамы; 2) су айдындары туралы, ұсынылатын балық өсіру материалдарының түрлік және жас құрамы туралы мәліметтер және балық ресурстары және басқа да су жануарларын және олардың мекендеу ортасын сақтау үшін оңтайлы жағдай жасауға қажетті су айдындарын балықтандыру көлемі; 3) балықтандыру бойынша жұмыстарды жүргізу әдістері және тәсілдері, ұсынылатын орны, мерзімі. 7. Биологиялық негіздеме нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде № 6218 болып тіркелген және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 6 сәуірдегі № 233 бұйрығымен бекітілген жануарлар дүниесін пайдалануға биологиялық негіздемені дайындау Ережелеріне сәйкес дайындалады. 8. Су айдындарын балықтармен балықтандыру – жергілікті ихтиофаунадан немесе аталған аймақта жерсіндірілген биологиялық мелиораторлармен су айдындарын балықтандыру бойынша жұмыстарды жүргізудің жалпы негізінде жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік кәсіпорындармен су айдындарын балықтандыру бойынша жұмыстарды жүргізу тәртібі 9. Су айдындарын балықтандыру бойынша іс-шараларды өткізу туралы ақпарат балықтандыру бойынша іс-шаралар өткізілгенге дейін 10 жұмыс күнінен кешіктірілмей жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылады.10. Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі балық ресурстарының жасанды өсімін молайту бойынша мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру үшін, тиісті кезеңге мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарын қалыптастыру және республикалық бюджет жобасын әзірлеу барысында жыл сайын балық шаруашылық профилді ғылыми ұйымдардың ұсыныстары негізінде және мемлекеттік кәсіпорындардың өндірістік қуатын есепке ала отырып, су айдындарын балықтандыру көлемін, түрлік және жас құрамы бойынша уәкілетті органның ведомствосына ұсыныстар енгізеді. 11. Уәкілетті органның ведомствосы заңнамамен бекітілген тәртіпте тиісті жылға республикалық бюджеттен бөлінген қаржы мөлшерінде балық ресурстарының жасанды өсімін молайтуға мемлекеттік кәсіпорындармен келісім шарт жасасады. 12. Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі мемлекеттік тапсырысты іске асыру мақсатында су айдындарын балықтандыру бойынша жұмыстарды жоспарлайтын балық шаруашылық профилді ғылыми ұйымдармен және орындаушымен бірге олардың басталуына дейін 30 күнтізбелік күннен кем емес мерзімде балық отырғызу материалдарын шығару орнын алдын-ала анықтайды. Балық отырғызу материалдарын шығару орнын түпкілікті келісу осы Ереженің 3 қосымшасына сәйкес нысан бойынша рәсімделеді. 13. Мемлекеттік кәсіпорын мемлекеттік тапсырыс шеңберінде су айдындарын балықтандыру бойынша жұмыстар аяқталғаннан кейін уәкілетті органның ведомствосына осы Ереженің 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша балықтандыру актісін (бұдан әрі – балықтандыру актісі) ұсынады. Шаруашылық қызметі шеңберінде балық отырғызу материалдарын іске асыруды қоса алғанда ағымдағы жылға балық ресурстарының жасанды өсімін молайту жөніндегі мемлекеттік кәсіпорынның есебі уәкілетті органның ведомствосына 20 желтоқсаннан кешіктірмей ұсынылады.
4. Қызметі балық ресурстарының жасанды өсімін молайтумен байланысты заңды және жеке тұлғалармен су айдындарын балықтандыру бойынша жұмыстарды жүргізу тәртібі 14. Егер балық ресурстарының жасанды өсімін молайтуға тиісті жылға республикалық немесе жергілікті бюджетте қарастырылған қаржы тиісті аймақтағы мемлекеттік кәсіпорындардың өндірістік қуатынан артық немесе балықтандыру үшін ұсынылатын балық түрлерінің мемлекеттік кәсіпорындармен өсімі молайтылмаған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы, немесе жергілікті атқарушы орган конкурстық негізде бәсекелестік ортада мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін аумақтық бөлімшенің ұсынысы бойынша балық шаруашылық профилді ғылыми ұйымдардың ұсыныстары есебімен, су айдындарын балықтандыру көлемін, түрлік және жас құрамын қалыптастырады. 15. Уәкілетті органның ведомствосы, немесе жергілікті атқарушы орган заңнамамен бекітілген тәртіпте конкурстық негізде қызметі балық ресурстарының жасанды өсімін молайтумен байланысты заңды және жеке тұлғалар (бұдан әрі - орындаушы) арасынан су айдындарын балықтандыру бойынша мемлекеттік тапсырыстың орындаушысын анықтайды. 16. Уәкілетті органның ведомствосы, немесе жергілікті атқарушы орган заңнамамен бекітілген тәртіпте су айдындарын балықтандыру бойынша мемлекеттік тапсырысты орындауға орындаушымен келісім шарт жасасады. 17. Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі мемлекеттік тапсырысты іске асыру мақсатында су айдындарын балықтандыру бойынша жұмыстарды жоспарлайтын балық шаруашылық профилді ғылыми ұйымдармен және орындаушымен бірге олардың басталуына дейін 30 күнтізбелік күннен кем емес мерзімде балық отырғызу материалдарын шығару орнын алдын-ала анықтайды. Балық отырғызу материалдарын шығару орнын түпкілікті келісу осы Ереженің 3 қосымшасына сәйкес нысан бойынша рәсімделеді. 18. Орындаушы су айдындарын балықтандыру бойынша жұмыстар аяқталғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде уәкілетті органның ведомствосына осы Ереженің 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша балықтандыру актісін ұсынады. Орындаушы уәкілетті органның ведомствосына немесе жергілікті атқарушы органға ағымдағы жылға балық өсіру жұмыстары туралы есепті 1 желтоқсаннан кешіктірмей келісім шартта бекітілген мерзімде ұсынады, есептің көшірмесін уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне осы Ереженің 6 қосымшасына сәйкес нысан бойынша бір мезгілде жолдайды.
5. Пайдаланушылармен су айдындарын балықтандыру бойынша жұмыстарды жүргізу тәртібі 19. Пайдаланушылар келісім шарттық міндеттемелерге сәйкес балық шаруашылығының Даму жоспарында қарастырылған өз қаражаты есебінен бекітілген су айдындарын балықтандыру бойынша жұмыстарды жүргізеді. 20.Пайдаланушы су айдындарын балықтандыру бойынша жұмыстарды аяқтағаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне осы Ереженің 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша балықтандыру актісін ұсынады.
6. Шаруашылық субъектілермен су айдындарын балықтандыру бойынша жұмыстарды жүргізу тәртібі 21. Шаруашылық субъектілер уәкілетті орган ведомствосының келісімі бойынша балық ресурстарына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеу ретінде су айдындарын балықтандыру бойынша жұмыстар жүргізу үшін қаражат қарастыруға міндетті.22. Су айдындарының көлемі, түрлік және жас құрамы аумақтық бөлімшелермен келісілген балық шаруашылық профилін ғылыми ұйымдастыру ұсыныстарына сәйкес шаруашылық жүргізуші субъектілермен анықталады.23. Шаруашылық жүргізуші субъект су айдындарын балықтандыру бойынша жұмысты аяқтағаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне осы Ереженің 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша балықтандыру актін ұсынады.
7. Қызметі КТБӨШ-да тауарлы өнім өндірумен байланысты жеке және заңды тұлғалармен су айдындарын балықтандыру бойынша жұмыстарды жүргізу тәртібі 24. Балықтандыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1141 «Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін акваөсіруді дамыту үшін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» қаулысымен бекітілген нысан бойынша жүргізіледі және рәсімделеді. 8. Балық шаруашылық мелиорациялау бойынша жұмыстарды жүргізу тәртібі25. Балық шаруашылық мелиорациялау ағымдағы және күрделі мелиорацияларға бөлінеді. 26. Ағымдағы мелиорация келесі іс-шаралардың кешенді немесе жеке түрлерін қосады: 1) оны механикалық құрту жолымен артық өсімдіктерді жою (тамырлы жүйелерді зақымдау жолымен қопару, шауып алу) немесе өсіп кеткен жерлерді құрғату, немесе балықтың өсімдік қоректі түрлерімен балықтандыру; 2) су айдындарында қолайлы оттекті режимді ұстап тұру жолымен балықтың жазда және қыста ауа жетпей, тұншығып қырылуына жол бермеу бойынша шара қабылдау;3) қауіпсіз су айдындарына тасымалдау және аулау немесе оларды каналдарға жалғау жолымен олардың қырылуына жол бермеу үшін қауіпті су айдындарынан балықтар және олардың шабақтарын құтқару;4) мелиоративтік балық аулау – аса бағалысын ауыстыру үшін құнсыз балықтар түрлерін аулау. 27. Күрделі мелиорация келесі іс-шаралардың кешенді және жеке түрлерін қосады: 1) бордақылау және уылдырық шашатын жерлерге балықтарға өткелді қамтамасыз ететін түп-тереңдету және басқа қосымша жұмыстарды, балық қыстайтын шұңқырды орналастыру; 2) суландыру жолымен табиғи уылдырықтаманы қалпына келтіру, оның ішінде балықтардың көбеюіне қолайсыз жағдай жасаумен су айдындарында табиғи өсімді молайтуды қолдау үшін қалыпты су режимін қамтамасыз ету және олардың тұнбалануының алдын алу, жасанды уылдырықтаманы орнату, бөген салу және басқа гидротехникалық жұмыстар жүргізу.28. Ғылыми ұсыныстарды қалыптастыруда (биологиялық негіздемелерді) келесі ақпарат есепке алынады: 1) мелиорациялау жұмыстарын жүргізудің мақсатты негізділігі және күтілетін нәтижелердің болжамы; 2) балық ресурстары мен басқа да су жануарларын және олардың мекендеу ортасын сақтау бойынша оңтайлы жағдай құру үшін ұсынылатын мелиорациялау жұмыстарының құрамы мен көлемі туралы, су объектілері туралы мәліметтер; 3) мелиорациялау жұмыстарын жүргізудің ұсынылатын орны, мерзімі, әдісі және тәсілі.
9. Ағымдағы мелиорация бойынша жұмыстарды жүргізу тәртібі29. Ағымдағы мелиорация бойынша жұмыстар уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерімен және мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен, балық шаруашылық субъектілерімен және балық аулау қоғамдық бірлестіктерімен ұйымдастырылады және мамандандырылған ғылыми ұйымдардың ұсыныстары негізінде жүргізіледі. 30. Пайдаланушылар ағымдағы мелиорация бойынша жұмыстар жүргізуді бастау алдын уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне алдағы жұмыстар туралы мәлімдейді. 31. Ағымдағы мелиорация бойынша жұмыстар аяқталғаннан кейін пайдаланушылар 3 жұмыс күніне дейінгі мерзімде уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша су айдынына балық шаруашылық мелиорациялау жұмыстарының аяқталғандығы туралы акт ұсынады.
10. Күрделі мелиорация бойынша жұмыстарды жүргізу тәртібі 32. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен күрделі мелиорация бойынша іс-шаралар заңнамамен бекітілген тәртіпте оларды конкурстық негізде іріктеу жолымен және биологиялық негіздеме және жобалық-сметалық құжаттама негізінде (түп-тереңдету және басқа гидротехникалық жұмыстарды жүргізген жағдайда) уәкілетті органның ведомствосымен немесе жергілікті атқарушы органмен жасалған келісімдерге сәйкес мамандандырылған ұйымдармен өткізіледі. 33. Су объектілері түбінің өзгеруімен байланысты мелиорациялық жұмыстарды жүргізу, қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнама және қала салу қызметі туралы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асады. 34. Республикалық бюджет қаражаты есебінен орындалатын мелиорациялық жұмыстарды қабылдау уәкілетті орган ведомствосының және оның орынбасарының аумақтық бөлімше басшылары басқаратын комиссиямен жүзеге асырылады. Жұмыстарды қабылдау актісі бойынша балық шаруашылық мелиорациялау осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша рәсімделеді. 35. Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі жыл сайын 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде жүргізілген мелиорациялау жұмыстары туралы есепті ұсынады.
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің2013 жылғы 31 шілдедегі №231-ө бұйрығына қосымша 1
Нысан
Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде су айдындарын балықтандыру акті
20__ жылдың «_____» ___________осы акт құрылдыОсы акт 20__жылы «__»___________________________________________________________________________________________________________бірге (балық өсіру кәсіпорнының, су айдынының басқада аулау деректерінің __________________________________________________________________шығу тегінің атауы)__________________________________________________________________балық отырғызу материалы балық отырғызу орындарына тасымалдау үшін алынды______________________________________________________________________________________________________________________туралы жасалды.
Отырғызу орынына тасымалдау үшін алынды____________________________________________________________________________________________________(су айдынының (учаскенің) атауы)______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________(отырғызу материалының санын, жас мөлшері және түрлік құрамын, бір данасының орта салмағын көрсету)__________________________________________________________________
Отырғызу материалын алу (аулау) ауаның _____________________________,судың __________________ температурасында жүргізілді.Отырғызу материалының жағдайы __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Қолдары:(жіберуші және қабылдап алушы _____________________________________ұйымдардың өкілдері) _________________________________________Жіберу орындарына жеткізілді ______________________________________(сандық, түрлік және жастық құрамы,__________________________________________________________________отырғызу материалының бір данасының орташа массасы)__________________________________________________________________Тасымалдау кезіндегі шығын _________________________________________(мөлшері, %)
Тасымалдау жүргізілді ________________________________________________________________________________________________________________(транспорт түрі, транспорт ыдысы, отырғызу тығыздылығы)Тасымалдау бағыты____________________________________________________________
Тасымалдау уақыты ________________________сағат________минут_______ Басқа қосымша мәліметтер ___________________________________________
(тасымалдау жағдайы, жіберу орнының сипаттамасы, __________________________________________________________________ балық отырғызу материалының жағдайы және т.б.)Комиссия мүшелерінің қолдары:Уәкідетті органдарныңаумақттық бөлімшелері (немесе мекеме):__________________________________________________________________
Жергілікті атқарушы орган: __________________________________________________________________
Басқада мүдделі органдар:__________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің2013 жылғы 31 шілдедегі №231-ө бұйрығына қосымша 2
Нысан
Жеке және заңды тұлғалар өз қаржысы есебінен су айдындарын балықтандыру актіОсы акт 20__жылыдың «__»_____________________________________________________________________________бірге(балық өсіру кәсіпорнының, су айдынының басқада аулау деректерінің __________________________________________________________________шығу тегінің атауын көрсету)__________________________________________________________________балық отырғызу материалыналу көзі, __________________________________________________________________балық отырғызу орындарына тасымалдау үшін алынды____________________________________________________туралы жасалды.Жіберу орнына жіберу үшін алынды_____________________________________________________________________________________________________(су айдынының (учаскенің) атауы_____________________________________________________________________________саны, түрлік және жастық құрамы, _____________________________________________________________________________Отырғызу материалының орта салмағы және басқада)
Отырғызу материалын алу (аулау) ауаның _____________________,судың __________________ температурасында жүргізілді.Отырғызу материалының жағдайы ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________Қолдары:(жіберуші және қабылдап алушы _____________________________________ұйымдардың өкілдері)_______________________________________________Жіберу орындарына жеткізілді ______________________________________ (саны, түрлік және жастық құрамы,__________________________________________________________________ отырғызу материалының бір данасының орташа массасы)____________________________________________________________________________________________________________________________________
Тасымалдаукезіндегіқалдық__________________________________________ (саны, %)Тасымалдаужүргізілді _________________________________________________________________________________________________________________(транспорттүрі, транспортыдысы, отырғызутығыздылығы)Тасымалдау уақыты ______________сағат _________минут_______________Басқа қосымша мәліметтер ___________________________________________(тасымалдау жағдайы, жіберу орнының сипаттамасы,__________________________________________________________________балық отырғызу материалының жағдайы және т.б.)Балық отырғызу материалының жағдайына және қорғауына жауапты_______________________________________________________________________________________________________________
Қолдар:(отырғызылатын материалды тасымалдауды жүзеге асыратын,және бақылайтынуәкілетті органның аумақтық _________________________________________ бөлімшесі___________________________________________________________________________________________________________________немесе атқарушы органның атқарушы билік өкілдері,____________________________________________________басқа мүдделі органдар) _____________________________________________
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің2013 жылғы 31 шілдедегі №231-ө бұйрығына қосымша 3
Нысан
Су айдынында және/немесе учаскесінде балық отырғызу материалын жіберу орнын келісу
Келісілген күні _______________________
1. Су айдынының (учаскенің) атауы: _____________________________________________________________________________________________________(орналасқан ауданының, пайдаланушыға бекітілгендігі және т.б. атауы)
2. Балық отырғызу материалын жіберуді жүзеге асыратын, жеке және заңды тұлғалардың атауы_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
3. Орналастыру (отырғызу) мақсаты __________________________________мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру,__________________________________________________________________зиянды өтеу немесе жерсіндіру мақсатында интродукциялауа
4. Орналастыру объектісі туралы мәлімет ________________________________________________________________________________________________(орналастыру объектісінің атауы (балық түрі және басқа су жануары), ауланған орны
____________________________________________________________________________________________________________________және ауланған материалдар бір данасының орташа массасының мөлшері)
5. Су айдыныдағы нақты орналастыру орны ______________________________________________________________________________________________(отырғызу орнын (учаскесін) анықтап сипаттау жіберу нүктесіне схемаға)
6. Келіскендердің атауы және басқа да мүдделі тұлғалар____________________________________________________________________________________ (балық шаруашылығы аумақтық бөлімшелердің өкілдері, су айдынын пайдаланушылар, шаруашылық ________________________________________________________________________жүргізу субъектісі, басқада мүдделі тұлғалар (жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және т.б.)Актіге қол қойғандар:
Лауазымы______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Ескертпе: Келісу акті керекті мөлшерде түзіледі. Бірінші нұсқасы балық шаруашылығы аумақтық бөлімшесінде қалады. Балықтандыру қолданыстағы заңдарға және Ережеге сәйкес жүзеге асады.
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің2013 жылғы 31 шілдедегі №231-ө бұйрығына қосымша 4
Нысан
Су объектілеріне балық шаруашылықтық өндірістік мелиорация жұмыстарына өтінім __________________________________________________________________(су айдынының және/немесе учаскенің атауы)
1. Су обектісінің орналасқан жері: Облыс,___________________________________________________________Аудан, ____________________________________________________________учаске ___________________________________________________________
2. Су айдынынның физико-географиялық және балық шаруашылықтық сипаттамасы:
2.1. Өлшемдері:ұзындығы (км), ______________жалпақтығы (км), _______________ ауданы (га), ____________ ең төмен тереңдігі (м), _______________орта тереңдігі (м), _______________ судың мөлдірлігі см______________________________
2.2. Топырақтың сипаттамасы________________________________________
2.3. Акваторияның өсу дәрежесі (атап көрсету): өсу типі: қамыс _________% , су өсімдіктерімен қапталуы ___________%, қатты (50 % жоғары), орта (20-50 %), әлсіз (10-15 % дейін),
2.4. Гидрологиялық режим туралы ақпарат (атап көрсету):ағынды, әлсіз ағатын, ақпайтын, ауа жетіспеушілік (бар, жоқ), мұз қабатының қалыңдығы ____________ см.
2.5. Басқа су айдындарымен байланысы (атап көрсету): бөлектетілген, егер жоқ болса, су айдынынның атауы ________________________________ағын арқылы, канал және т.б..
2.6. Ихтиофаунаның құрамы (барлық балық түрлері): ______________________________________________________________________________________2.7. негізгі кәсіптік маңызы бар балық түрлері және басқа да кәсіптік маңызы бар объектілер: ______________________________________________________________________________________________________________________
2.8. Соңғы үш жылдағы негізгі көрсеткіштер (нақты айтқанда):Жалпы ауланған балық, соның ішінде түрлері бойынша _____жыл _____жыл _____жыл Жалпы балық өнімділігі Балықшы ауланған балық (ақпаратты нақты айтқанда)
3. Басқа да ақпараттар:__________________________________________4. Мелиорация түрлері (атап көрсету): капиталдық, ағымдағы_________5. Міндет қою (жұмыстың мақсат) _______________________________6. Мелиорациялық жұмыстарға негіздеме:___________________________________________________________________________________________7. Күн түзбелік жоспар және жұмыс жүргізу мерзімі___________________________________________________________________________________8. Күтілетін нәтижелер: ___________________________________________________________________________________________________________9. Жұмыстың шамалаған орындаушысы: ____________________________________________________________________________________________10. Қаржыландырудың шамалаған көзінің: __________________________________________________________________________________________(республиканың, жергілікті бюджеттің, немесе жеке капиталдың есебінен)
Өтініш берушінің мекен-жайы: ____________________________________________________________________________________________________________________________________
Қолы: _________________________Өтініш берілген күн:_______________________
Қажетті документация (атап көрсету): техникалық тапсырыс, технико-экономикалық негіздеме, биологиялық негіздеме, сараптамалық қорытынды.
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің2013 жылғы 31 шілдедегі № 231-ө бұйрығына қосымша 5
Нысан
Су айдынында капиталдық мелиорациялау бойынша балық шаруашылықтық мелиорацилау жұмыстарының аяқталуы туралы акті __________________________________________________________________(республикалық, облыстық, жергілікті маңызы бар су айдынынң атауы)
1. Су айдынының орналасқан облысы: ____________________________Аудан, учаске: _____________________________________________________
2. Біз, төмендегі қол қоюшылар, _______________________________________________тұлғаға, бір жағынан(қызметі, тегі, аты,әкесінің аты)___________________________________________________________тұлғаға(мелиорациялау жұмыстарын жүргізген кәсіпорының атауы)Ары қарай «Атқарушы» депаталатын, 20____ж. «____»____________№_________бұйрық негізінде әрекеттеседі.
3. «Атқарушылармен» мелиорациялау жұмыстарының келесі түрлері орындалды:__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
4. Орындалған жұмыс сумасы: ___________________________________
5. Жұмыс жүргізудің талаптары: _________________________________(ауа-райы жағдайын көрсету; балықты жерсіндірген жағдайда балық ________________________________________________________________отырғызу материалын алғанынған көзі, __________________________________________________________________тасымалдау жағдайы, тасымалданған объектілер қалдығы)
6. Жоғарыда айтылғандарға орай ________________________________Мелиорациялау жұмыстары орындалғанына баға беру: толық көлемінің немесе егер жұмыс ____________________________________________________________________________________________________________________________________ орындалмаса қанда этап екенін, қандай себептермен орындалмағанын көрсету________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________деп, есептейміз.
Жұмыс қабылдау бойынша Комиссия құру туралы 20__жылғы «__» ______________ Мемлекеттік органның атауы № ____________бұрығына сәйкес, осы акт __________нұсқада құрылды.
Қолдары
Су айдынының және/немесе уәкілетті органның аумақтық бөлімшенің өкілдері_________________________________________________________________________________________
Жергілікті атқарушы органның өкілдері (қажет болған жағдайда): __________________________________________________________________
Орындаушы: ____________________________________________________________________________________________________________________
Пайдаланушы (қажет болған жағдайда)___________________________
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің2013 жылғы 31 шілдедегі №231-ө бұйрығына қосымша 6
Нысан
Шаруашылық субъектілерін өз жеке қаржысы есебінен, су айдынын балықтандыру жұмыстарын жүргізугекелісім шарт
______________________ «_____» __________ 20___ ж.(келісім шарт жасасқа жер) (келісім шарт жасасқан күн)
Балық шаруашылығы комитеті / аумақтық бөлімше,________________________________________________________________________________________,(келісім шерт жасасушы, аумақтық бөлімшенің атауы)ары қарай «Тапсырыс беруші» деп аталатын басшылылық (оның уәкілетті орынбасары) ______________________________________________________,(тегін, атын, әкесінің атын көрсету)бір жақтан 20__ ж. «__» ____________ Балық шаруашылығы комитетімен бекітілген №бұйрық негізінде, және ______________________________________________________________,(осы келісім шартты жасасқан жеке кәсіпкерлердің, заңды тұлғаларды атауы)
ары қарай «Атқарушы» деп аталатын, тұлғаға_____________________________________________________________________________________________,(қызметін, тегін, атын, әкесінің атын көрсету)
Қолданыстың негізінде______________________________________________(жеке кәсіпкеруказывается название Устава, иного учредительного документа, на__________________________________________________________________,основании которого осуществляет деятельность юридического лица, индивидуального предпринимателя)
басқа жағынан, бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 593 Заңының 17 бабы 3 тармақшасында Су айдындарынабалық жіберу, балықтардың жаңа түрлерін жерсіндіру, су обектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жұмыстарын жүргізу Қағидасы 20__ жылдың «___»_______Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен бекітілген осы Келісім шарт (бұдан әрі – Келісім шарт) төмендегідей жасалынылады.
1. Келісім шарттың мәні1.1. Осы Келісім шарттың мәні су айдындарын балықтандыру іс-шараларын, шаруашылықтық субъектілерінің өз қаражаты есебінен жүргізу болып табылады ____________________________________________________ (ұдайы өсірілетін су асты биоресурстары түрлерін және су объектісі атауын көрсету)Территорияда орналасқан, өндірістік қуаттылығы_____________________________________ (субъектінің атауын көрсету)Кейіннен су объектісіне жіберу үшін _______________________________ (су объектісінің атауын көрсету немесе___________________________________________________________________________ егер ұдайы өсірілетін шабақтар/дернәсілдерді жіберу әр түрлі су оъектілерінде