Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі теріс сипатталатын сотталғандармен тәрбиелік-құқықтық жұмыстар қарқынды түрде жүргізілуде, деп хабарлайды Еgemen.kz
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі бекіткен Қылмыстық-атқару жүйесінің жұмысын ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі 2021 жылға арналған кешенді іс-шаралар жоспарының 14-тармағын іске асыру мақсатында, Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде теріс сипатталатын сотталғандармен тәрбиелік-құқықтық жұмыстар қарқынды түрде жүргізілуде.
Тәрбиелеу процесінің бір бағыты мекеменің психологымен сотталғандар арасында әртүрлі тренингтер өткізу болып табылады. Осы тұрғыда тәрбиелеу жұмысында неғұрлым тиімді нәтижелерге қол жеткізу, сотталғанның жеке басын, оның дамуын, жұмыс қабілеттілігін бағалау, айналасындағы адамдармен және отбасымен қарым-қатынасты жалғастыру мақсатында, ГМ-172/8 мекемесіне жаңадан тағайындалған психолог-маман Әсел Амантай мекемедегі өзінің жұмысын «Тұлғаның ішкі және сыртқы әлемін тануы» атты тақырыпта сотталғандар арасында тренинг ұйымдастырудан бастады.
-Сотталғандар арасында тренинг өткізу, біріншіден олардың жеке даму деңгейін арттырады, екіншіден, әлсіз және күшті қасиеттерді қалай қабылдау керектігін үйретеді, үшіншіден, агрессия, шамадан тыс тәжірибе деңгейін төмендетеді. Тренинг кезінде әмбебап психологиялық тест болып табылатын «Арт-терапия» яғни, «үй-ағаш-адам» диагностикалық әдісі де кеңінен қолданылады. Бұл әдіс жеке портретке жарық түсіру мүмкіндігін беретін маңызды ақпарат көзі болып табылады, дейді мекеме психологы Ә.Амантай.
Тренинг соңында әрбір сотталғандар өздерінің теріс ойларын оң ойларға өзгертіп, бүкіл оқу процесі үшін кері байланыс жасайтынын жасырмады.
Тренингтің әрбір бөлігі кез-келген адам үшін өзін тұлға ретінде тану, қоғамдағы мәртебесін қалпына келтіру, өткенді тастап, дұрыс өмір жолына түсу жолындағы маңызды қадам болып табылатыны баршаға мәлім.