• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Медицина 19 Ақпан, 2021

Шымкентте медициналық туризм дамытылады

316 рет
көрсетілді

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы мен Medical Nomad Association Орталық Азиядағы денсаулық пен мәдениетті дамыту жөніндегі Швейцария қауымдастығының өкілдері арасында келісім жасалды, деп хабарлайды Еgemen.kz

Бұл бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыру үшін Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы мен Medical Nomad Association Орталық Азиядағы денсаулық пен мәдениетті дамыту жөніндегі Швейцария қауымдастығының өкілдері арасында келісім жасалды.

Келісім аясында қаладағы мемлекеттік медициналық ұйымдардағы дәрігерлер Еуропа елдерінде білімін жетілдіреді және медициналық туризмді дамыту бойынша жұмыс жүргізілетін болады.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позиловтың айтуынша, қалада әр түрлі мамандық бойынша 4169 дәрігер бар, олардың бірқатары бүгінге дейін шет мемлекетте біліктілігін арттырған екен. Жоғарыда жасалған келісім негізінде биылғы жылы 21 дәрігер шет елге оқуға жіберілетін болады дейді.

Дәрігерлер нейрохирургия, жалпы хирургия, офтальмалогия, отолорингология саласы бойынша біліктілігін арттырады. Еуропа елдеріне баратын мамандарға қойылатын талап ағылшын тілінде еркін сөйлеуі қажет дейді басқарма мамандары.

Сондай-ақ аталған компания өз қаражатынан туризмді дамыту үшін дәрігерлерді Швейцарияда оқытуды жоспарлап отыр.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі