• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
26 Желтоқсан, 2013

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұйрығы №264-НҚ

245 рет
көрсетілді

2013 жылғы 23 тамыз, Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде жүзеге асырылатын міндеттерді орындауға қажетті және жеткілікті дербес деректер тізбесін бекіту туралы

«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы Ереженің 21-тармағының 7) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде жүзеге асырылатын міндеттерді орындауға қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің (С.П. Базарбаев): 1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында оны ресми жариялауды белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің аумақтық органдарының құрылымдық бөлімшелерінің назарына жеткізсін: 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жауапты хатшысы Р.Н. Ахметовке жүктелсін. 4. Осы бұйрық «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады. Төраға М.ОСПАНОВ.

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 23 тамыздағы № 264-НҚ бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде жүзеге асырылатын міндеттерді орындауға қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесір/с № Дербес деректердің атауы1. жеке деректер 1.1 Тегі1.2 Аты 1.3 Әкесінің аты1.4 Туған жылы туралы деректер: туған жылы;туған жері1.5 Ұлты 1.6 Білімі, мамандығы 1.7 Жынысы 1.8 Отбасы жағдайы 1.9 Азаматтығы туралы деректер: азаматтығы (бұрынғы азаматтығы);Қазақстан Республикасының азаматтығын алған күні;Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан күні1.10 Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)1.11 Портрет суреті (цифрлы сурет)1.12 Қолы 1.13 Жеке басын куәландыратын құжаттар деректері: құжат атауы;құжат нөмірі; құжат берілген күні; құжат қолданысының мерзімі; құжатты берген орган2. Негізгі деректер2.1 Өмірбаяны 2.2 Арнайы тексеру нәтижелері 2.3 Декларация2.4 Ант 2.5 Шектеулерді қабылдау туралы міндеттемелер2.6 Мүлікті сенімгерлік басқаруға арналған шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі (болған жағдайда)2.7 Еңбек өтілі: оның ішінде:жалпы өтілі; мемлекеттік қызметтегі өтілі2.8 Марапаттар 2.9 Тәртіптік жаза

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 4 қыркүйекте Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8684 болып енгізілді.

Соңғы жаңалықтар