• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
23 Сәуір, 2010

МӘШИНЕ ЖАСАУ ЖАҢҒЫРАДЫ

769 рет
көрсетілді

Қазір еске түсірсек, кезінде Қарағанды өңірінде ірілі-ұсақты 60-қа жуық мәшине жасау зауыттары болған екен. Өтпелі кезең қиын­дығы алдымен осы салаға ауыр тиіп, ол біраз жылға тұралап қалды. Соңғы уақыттарда тең жартысы істі қайта жаңғыртып, бұрынғы қарым­ды қалпына келтіріп келеді. Өн­дірісті дамыту отандық үлеспен бай­ланысты болып тұрғанда оны көтеру бүгінгі басым міндеттердің бірі ре­тін­де алға қойылып отыр. Бір тәуірі бұған мүмкіндік баршылық. Сақтал­ған өндірістік алаңдар, техникалық қуат, білікті мамандар өңдеу өнер­кәсібі тынысын кеңей­туді жеңіл­детер­лік алғышарттар. Осыған байланысты белгіленген бағдарлама бойынша мәшине жасау консорциумы құрылды. 1000-ға тар­та адамның еңбекке тарты­луы­на жол ашатын аталған құры­лымға әзірге 11 зауыт енген. Әзірге дей­ті­ні­­міз, олардың қатары толыға түспек. ­Консорциум бірінші кезекте кен-шахта жабдықтарын жасауды жандандыруды қолға алуды көз­дейді. Атап айтқанда, көмір қабат­тарын дайындау кешендеріне, кон­вейерлерге механикаландырыл­ған тіреулерді шығару өндірісін құру жүргізіліп жатыр. Ал келешекте бас­ты кәсіпорындардың негізінде ком­муналдық және ауылшаруа­шылық тех­никалары үшін қосалқы бөлшек­тер құрастыру жалғастыры­лады. Доңғалақты жеңіл тракторлар жасау да ойда бар. Мұны экска­ва­тор зауы­ты мойынға жүктеуге дайын. Сон­дай-ақ, көтеру көлігі жаб­дықтары, жүк лифтілері, энер­гетикалық агре­гат­тар қазақстандық тұтынушылар қолы­на тиетін бола­ды. Сөйтіп атал­ған заттардың тап­шылығы, сырттан қымбат бағаға сатып алынуы төмен­дей бастайды. Осылайша мәшине жа­сау саласын сауық­тыру арқылы облыстың қа­жет­­ті технологиялық құрал-жаб­дық­тармен өзін-өзі толық қам­тама­сыз етуін қалыптастыру жаңа эко­но­микалық талаптан туын­даған міндет. Бұл күнде оның қызметін үй­лес­­тіруге бағытталған шаралардың алды басталып кетті. Сол үшін құрыл­­ған технопаркте мәшине жасау зауыт­тарына арналып аймақ­тық ірі конструк­торлық бюро жұмыс істегелі тұр. Барлық жаңа тех­нология, ұтымды ізденістер сонда талданып, өндіріске жолдама алады. Ғылыми-зерттеу институт­тары да осы іске жұмылады. Консорциум құрамындағы бір­лескен мәшине жасау зауытын құру­ға “Арселор Миттал Теміртау” ком­паниясы ынта танытты. Қажетті жаб­дықтарды тұтынуға тапсырыс беру­шілер арасында меморандум жаса­лып, соған сәйкес өндірілетін өнім­дер таяу арада қолдарына тимек. Бұған дейін атақ-даңқы алысқа танымал болған саланың қайтадан өңір өнеркәсібінде жетекші орнын оралтуына мүмкіндігі кең. Әбден ойластырылып, міндеттер нақты белгіленіп басталған осынау ма­ңыз­ды жобаның тыңғылықты іске асы­рылуына үміт үлкен. Облыстың бас­­ты назарындағы шараның орын­далу барысы тұрақты бақы­лауға алынған. Кейінгі бірер жылдан бері бело­рустық іскер топтар өкілдерінің об­лысқа келіп-кетуі жиілей бас­тады. Жақында осы ел ірі кәсіпорындары басшылары мен жауапты маман­дары­нан құралған делегация кезекті жұмыс сапарымен болып қайтты. Өндірісті өңірдің экономикалық күш-қуатына қанық меймандар бұл жолы екіжақты байланысты терең­детуге кең мүмкін­діктер барын анықтады. Аймақ пен Белорусия арасын­дағы тауар айналымы бүгінде 85 миллион теңгені құрап отырса, оны ұлғайта беру ортақ басты мақсат. 7 бірлескен кәсіпорынның жемісті қыз­меті соған қолайлы жағдай ту­ғы­зады. Енді Қарағандының өзінде әйгілі БелАЗ мәшинелерін құрас­тыру басталмақтағы ең ірі жобалар­дың бірі. Соның арқасында өңірде бұрын соңды болып көр­меген жаңа өндіріс қалыптас­қалы отыр. Минск доңғалақты жүк сүйре­гіш техникалары зауыты өнімі об­лыс­та қайта жандануға бет алған мәшине жасау өнеркәсібіне үлкен көмек бол­ғалы тұр. Жергілікті әріп­тес­терімен іскерлік кездесуде атал­ған зауыт өкілі Сергей Феофилов ортаға салғандай, ел индустрия­сы­ның бұл алыбы былтыр өндірілетін өнім көлемін 50 пайызға арттырып, бетонсорғыш сияқтылы өтімді заттар шығаруды да игерген. Оның біраз бөлігін сатып алуға “Қазақ­мыс” корпорациясы тарапынан ынта танытылды. Ынтымақтас мемлекет өкілдері тікелей көз жеткізгендей БелАЗ құрас­­тыруға ыңғайланған Қараған­ды зауытында дайындық жұмыс­тары аяқталып келеді. Өз тәжір­биелерін үйретуге, шеберліктерін бөлісуге келген жерлес мамандары­ның баян етуі бойынша жаңа кә­сіп­орынның техникалық та, кадр­лық та әлеуеті қойылған міндетті іске асыруға жеткілікті. Жаз орта­сына таман ол іске кіріседі деп күтілуде. Айқын НЕСІПБАЙ. ҚАРАҒАНДЫ.