2013 жылғы 29 тамыз, Астана қаласы
Денсаулық сақтау саласындағы сот сараптамалары түрлерінің тізбесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптамалық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қантардағы Заңының 12-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, бұйырамын:1. Қоса беріліп отырған Денсаулық сақтау саласындағы сот сараптамалары түрлерінің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Л.М. Ахметниязова):1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Д.Е. Асайынова) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовқа жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр С.Қайырбекова.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 29 тамыздағы №494 бұйрықпен бекітілген
Денсаулық сақтау саласындағы сот сараптамалары түрлерінің тізбесі р/р № Денсаулық сақтау саласындағы сот сараптамаларының түрлері Сараптамалық мамандық1 Сот-медициналық сараптама 1.1 Мәйіттерді сот-медициналық сараптау Жалпы сараптамалық зерттеу1.2 Сот-гистологиялық сараптама Сот-гистологиялық зерттеу1.3 Сот-биологиялық сараптама Сот-биологиялық зерттеу1.4 Медициналық-криминалистикалық сараптама Сот медициналық-криминалистикалық зерттеу1.5 Молекулалық-генетикалық сараптама Сот молекулалық-генетикалық зерттеу1.6 Химиялық-токсикологиялық сараптама Сот химиялық-токсикологиялық зерттеу2 Сот-наркологиялық сараптама Сот-наркологиялық зерттеу3 Сот-психиатриялық сараптама Сот-психиатриялық зерттеу
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 10 қыркүйекте Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8688 болып енгізілді.