• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Парламент 19 Ақпан, 2021

Сенат төрағасы Жамбыл облысындағы қаза болған балалардың ата-анасына көңіл айтты

291 рет
көрсетілді

ҚР Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Жамбыл облысының Жаңатас қаласында орын алған қайғылы оқиғаға байланысты балалардың ата-анасы мен туыстарына көіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

- Жамбыл облысының Жаңатас қаласында тілсіз жаудың салдарынан болған қайғылы оқиға бәріміздің қабырғамызды қайыстырып кетті.   Қаза болған сәбилердің ата-аналары мен жақындарына орны толмас ауыр қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз.   Қайғы бөліссе азаяды. Сондықтан дәл қазір бес бірдей бүлдіршінінен қапыда айырылған ата-анаға демеу болып, қолдау көрсетудің маңызы зор. Балалардың жандары жәннатта болсын, - делінген Сенат спикерінің фейсбуктегі хабарламасында.