Солтүстік Қазақстан облысында көз ашырмайтын қатты боранның салдарынан полицияның күші жүргізушілерге көмектесуге жұмылдырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 ақпан күні сағат 19.00-ден бастап облыста барлық бағыттағы жолдар жабылды. Мамлют ауданында Қорған-Петропавл жолында 70-тен астам жүк көлігі мен жеңіл автомобильдер жиналды. Аудан әкімі Владислав Лукин, аудандық полиция және төтенше жағдай бөлімдерінің басшылығы жағдайды сол жерде бағалап, колонна құруды шешті. Жолды «Қазақавтодор» ЖШС-нің қар тазалайтын машинасы тазалап отырды, ал оны жарқылдауық маягі қосылған патрульдік машиналар алып жүрді. Барлық автокөлік аман-есен Петропавлға жетті.
Төтенше жағдайлар департаменті және жол ұйымдарымен бірге қар құрсауынан 94 адам құтқарылды, оның 9-ы бала, 34 техника эвакуацияланды. Сонымен қатар, жолдардағы бұзушылықтарды анықтау бойынша қарқынды жұмыс жалғасты.