• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Ақпан, 2021

Ұландықтар егде адамның тісін сындырған шетелдікті құрықтады

642 рет
көрсетілді

Оқиға 19 ақпанда кешкісін Шымкент қаласында орын алған болатын. Қала көшелерін патрульдеп жүрген Ұлттық ұлан 6506 әскери бөлімнің жауынгерлеріне азаматша келіп, банк күзетшісін ұрып кеткен белгісіз азаматты ұстау туралы өтінішін білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әйелдің айтуынша, жас жігіт қаладағы банк бөлімшелерінің бірінде жүріп, өзі оғаш қылықтар жасаған. Ол ғимаратқа кіріп, шығып жүрген. Осылай бірнеше рет жасаған. Оған банк күзетшісі сәйкесінше ескерту жасаған. Мұны жақтармаған жас жігіт қызбалыққа салынып, сөз арасында бұзақылық пиғылмен күзетшіні ұрып, белгісіз жаққа қарай қашып кеткен.

Ер азаматтың түр-сипаты бойынша ұландықтар дереу іздеуге кіріседі. Араға уақыт салып, әскерилер полиция қызметкерлерімен бірге сипаттамаға келетін бұзақыны қолға түсіреді.

- Біз күдікті қашқан ауданды тінту жүргізе бастадық. Ізін суытпай сипаттама бойынша келетін ер азаматты таптық. Ол бізді көрген бойда қашқысы келген, алайда үлгермеді. Оны қолға түсіре салысымен полиция қызметкерлеріне тапсырдық , - дейді әскери жасақ бастығы қатардағы Нұрсұлтан Әскен.Тексеріс барысында күдікті Ресей Федерациясының азаматы екені белгілі болды. Жағдайдың мән-жайын анықтау үшін жас жігіт Еңбекші аудандық ішкі істер басқармасы қызметкерлеріне тапсырылды.