• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Коронавирус 21 Ақпан, 2021

Шетелден ұшып келген жолаушыдан коронавирус табылды

95 рет
көрсетілді

Өткен тәулікте халықаралық авиарейспен келген жолаушылар туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

20 ақпанда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы және Қырғызстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келді. 2 155 жолаушы ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен - 1 828 адам, анықтамасыз - 327 ҚР азаматы келді.

Оның ішінде:

- Алматы қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 682 жолаушы, анықтамамен - 1 430, анықтамасыз - 252;

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 473 жолаушы, анықтамамен - 398; анықтамасыз - 75.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерінде COVID-19-ға ПТР тест тапсырды және карантин стационарында өз нәтижесін күтіп отыр.

19 ақпанда анықтамасыз келген 337 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Ыстанбұл – Нұр-Сұлтан рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирус анықталды.