• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Экономика 21 Ақпан, 2021

Атырауда 10 инвестициялық жоба іске асырылады

382 рет
көрсетілді

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің мәліметінше, «Nur Otan» партиясының өңірдегі  сайлауалды бағдарламасын іске асыру үшін «Жол картасы» әзірленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Әр бағыт бойынша нысаналы индикаторлар мен мерзімдер, жауапты орындаушылар белгіленді. «Жол картасы» қаланы, аудандар мен ауылдарды қамтиды» деді Махамбет Досмұхамбетов.

«Жол картасында» аймақ тұрғындарының табысын арттыру көзделіпті. Осы мақсатта  алдағы бес жылда 10 инвестициялық жоба іске асырылады.

«Ауыл шаруашылығы саласында екі жоба бар. Қызылқоға ауданында жалпы құны 265 млн теңгені құрайтын тәулігіне 2 тонна сүт және сүт өнімдерін өңдеу цехын салу, Құрманғазы ауданынан 200 млн теңгелік заманауи технологиялармен жабдықталған балық өңдеу цехын салу жоспарланып отыр» дейді «Nur Otan» партиясы өңірлік филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаев.