Нөсер жауын кезіндегі су тасқыны салдарынан Индонезия астанасының 1 300 тұрғыны үйін тастап кетті. Бірнеше өзен деңгейі көтеріліп, көптеген кварталды су басты. Джакартаның бірнеше ауданында көтерілген су деңгейі екі метрден асты.
Муссон маусымының жаңбыры бірнеше күн толассыз жауған. Табиғат апатына қарамастан, эвакуация жүйелі ұйымдастырылған. Әзірге зардап шеккендерге қатысты мәлімет жоқ. Көп ұзамай су деңгейі біртіндеп төмендей бастады.
Жалпы, Ява аралында лай көшкіні жүріп, бір ауылдың 18 адамы қайтыс болды. Су басып қалған жол көмек беруге кедергі келтіріп отыр. Синоптиктер келесі аптада Муссон жаңбыры қайта жауады деп ескертті.
«Босаңсуға әлі ерте. Джакарта мен оған жақын аймақтарды алдағы уақытта қалың нөсер күтіп тұр. Жаңбырлы маусым ақпанның аяғы мен наурыздың басына дейін созылуы мүмкін», дейді Индонезия метеорология агенттігінің басшысы.