Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ГМ-172/10 мекемесінде босатылатын сотталғандарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.
Барлық санитарлық талаптар қатаң сақтала отырып өткізілген жиынға Маңғыстау облысы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің аса маңызды істері жөніндегі аға инспекторы полиция подполковнигі А.Данилова, Маңғыстау облысы «Рай» шұғыл әлеуметтік көмек көрсету орталығының басшысы Р.Бегманова, Маңғыстау облысы бойынша Ұлттық алдын алу тетігі Адам құқықтары жөніндегі Қазақстандық Халықаралық бюро және заңдылықты сақтау уәкілі А.Муха және заңгері Р.Абкадыров шақыртылып ГМ-172/10 мекемесі бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Е.Сузақбаевтың төрағалығымен өтті.
Аталған іс-шараның мақсаты жазасын өтеп шыққандарды медициналық тексерістен тегін өткізу, жұмысқа орналастыру, төл құжатын қайта жасау, бір реттік жәрдем ақы көрсету, қысқа мерзімді оқу сияқты мәселелер түсіндірілді.
-Сондай-ақ сотталғандар тарапынан қойылған сұрақтарға байланысты босап шыққан шетел азаматтарының ел аумағында тұруы, құқықтық көмек алы, өз елдеріне кетуі сынды сұрақтарға жауап берілді. Сөз соңында ГМ-172/10 мекемесі бастығының орынбасары әділет подполковнигі Е.Сузақбаев мұндай іс-шаралар алдағы уақытта жазасын өтеушілерге тұрақты түрде өткізілетіндігін айтты, дейді Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ГМ-172/10 мекемесі АКАӘПТЖБ әділет майоры Ғ.Бердишев.