Денсаулық сақтау министрлігі 21 ақпандағы эпидемиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бүгінгі мәліметке сәйкес, Қазақстанның бес өңірі «сары» аймақта тұр. Олар: Нұр-Сұлтан қаласы, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстары.
Қалған өңірлердің бәрі - «жасыл» аймақта.
Жалпы Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан «жасыл» аймақта тұр.