Ақтауда әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде жергілікті пабликтердің бірінде жарияланған тұрғын үй кешенінің көлік тұрағында өткізілген тойдың бейнежазбасы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап.
21 ақпанда Ақтау қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде «Той на парковке» деген тақырыппен жарияланған бейнежазбаны анықтады.
Тексеру барысында беташар тойдың 35-шағын ауданда орналасқан «Сабыр» тұрғын үй кешенінің тұрағында ұйымдастырылғаны белгілі болды.
Учаскелік инспекторлар тойдың барлық қатысушыларын анықтады. Жинақталған материалдар шара қабылдау үшін мүдделі органға жолданды.