Көпбалалы, патронат аналар, мүмкіндігі шектеулі балалары бар аналарға арналған кәсіпкерлік шеберлігін үйретіп, жеке бизнестерін бастауға және 500 000 теңге көлемінде грант ұтып алуға мүмкіндік беретін «Кәсіпкер-ана» бағдарламасы өтінімдерді қабылдай бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
- «Кәсіпкер-ана» бағдарламасы Қазақстанда да өткізілетініне қуаныштымыз. Алғашқы пилоттық маусымда бағдарламаға тек көпбалалы аналар, патронат аналар мен мүмкіндігі шектеулі балалары бар аналарды шақырдық. Ал келесі маусымда кәмелет жасына толмаған балалары бар барлық аналар, тіпті декреттік демалысқа енді шыққан әйелдер де қатыса алады», - деп қуанышымен бөлісті «В ответе за будущее» қайырымдылық қорының президенті Анна Сошинская.
Карантиндік шараларға байланысты Қазақстанда алғашқы пилоттық маусым онлайн форматында 2021 жылдың наурыз айының 1-15 аралығында өтеді.
Өтінімдер www.mama-predprinimatel.kz сайтында 23 ақпанға дейін қабылданады.
«Кәсіпкер-ана» бағдарламасының ұйымдастырушылары: «В ответе за будущее» қайырымдылық қоры, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кәсіпкерлер қауымдастығы, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы.