• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Экономика 22 Ақпан, 2021

Қазақстандық банктер бәсекелестіккке бейімделе бастады

460 рет
көрсетілді

Сарапшылар жақын болашақта қаржы нарығынында банктер іріленіп, бір-біріне жұтылып, соңында  13 банктің  қалатынын айта бастады. Бұл фактор қаржы нарығы үшін қалыпты жағдай екен. Ірілендірілген  банктердің ішкі нарықтағы мүмкіндігі де жоғары, деп жазады  Egemen.kz 

Мысалы Қазақстандағы ең ірі қаржы холдингі - Halyk Bank Group-тың сақтандыру және делдалдық, лизинг және қолма-қол ақша жинау саласында біраз тәжірибе жинақтап қалды. Тіпті оның сақтандыру, брокерлік саласындағы еншілес компанияларының ішкі нарықтағы белді ойыншылардың қатарына қосылды. 

Тәуелсіз сарапшы Азамат Керімбаевтың айтуынша, сақтандыру конгломераттары 2020 жылдың тоғыз айында сыйақының 86% жинады. Алғашқы үштікте - Халық банкінің сақтандыру тобы - 27,6%, Еуразия тобы - 23,4%, Nomad тобы - 15,9%. Қалған 28 сақтандырушы компания   қалған 11-і нарықтың тек 14% -ын иеленді.

Банктеріміздің бәсекелестікке бейімделе бастағанын сарапшылардың бәрі айтып жатыр. Әлемдік  тренд дәстүрлі банктердің финтех және технологиялық компаниялармен интеграциялануын қалайды.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина  Әбілқасымова өткен жылдың қараша айында банктердің жаңа қаржылық қызметтердің кеңейтілген спектрін, оның ішінде инвестициялық және цифрлық банктік қызметтерді ұсынатын көпфункционалды қаржы институттарына айналуы үшін жағдайлар жасалатынын, екінші деңгейлі банктердің  брокерлік қызмет көрсету арқылы қор нарығына толыққанды енуге мүмкіндік туғызатынын айтқан.

Сарапшылар банктердің құрылымдық жағынан өзгеруі оның рейтингіне қалай жауап береді деген сұраққа жауап беруге асығар емес. Сарапшы С. Исаковтың  сөзімен айтсақ,  олардың өзгерістерге бейміделуі, бағыт-бағдарын нығайта отырып, стратегиясын әртараптандыруы ұзаққа    созылатын процесс. Сондықтан банктердің алдағы бірер жылда рейтингисін жоғарылатуы немесе төмендетуі қалыпты жағдайға айналады екен. Трансформацияның мұндай түріне жақсы әсер ететін фактор – олардың тұрақтылығын бекемдеуіне  және табысын әртараптандыруы. 

Сондай-ақ, Исаков  қазақстандық ЕДБ-нің  АҚШ  банктері сияқты толыққанды инвестициялық банктерге ауысуын күтпейтінін айтты. Толыққанды инвестициялық банк моделінің сәтті жұмыс істеуі үшін, ең алдымен, өте дамыған қор нарығы, мықты валюта және мықты институттары бар салыстырмалы түрде әртараптандырылған және тұрақты экономика болуы қажет. Қазақстан осы жолды таңдап алғанмен, соңғы нәтиже туралы  айту әлі ерте көрінеді.  

Сонымен қатар, шетел валютасындағы депозиттер бойынша төмен мөлшерлемелер инвестициялық өнімге деген сұранысты арттырады, бұл «осы нарықтың өсуіне әкеліп соғады және мамандандырылған тауашалар үшін, ең алдымен брокерлік компаниялар үшін табысты жұмыс істеуге тамаша мүмкіндік береді.

– Жақында жарияланған Freedom Holding инвестициялық компаниясының Kassa Nova сатып алуы осы тенденцияның жақсы көрсеткіші болып табылады, - деді Исаков.

Қазақстан нарығында ірі инвестициялық банктер пайда болады  деп үміттену әлі ерте. Кейбір инвестициялық, қаржылық және брокерлік компаниялардың саны артып келеді және олар жақын болашақта коммерциялық банктермен бәсекелес болуы мүмкін. Бірақ коммерциялық және инвестициялық банктің дамуы эволюциялық процесс, ол бірінші кезекте нарық қажеттіліктерімен анықталады

Шамасы, бәсекеге қабілетті нарық моделін өзінің барлық қатысушылары - дәстүрлі қаржы институттары мен финтек-компанияларының бәсекелестігімен және ынтымақтастығымен, банк саласындағы мега-жұлдыз банктердің пайда боулына байланысты.

Банктер технология әлеміне көшкен сайын модель түзетіліп, экожүйелік бәсекелестікке бағытталуы мүмкін.