24-25 ақпан күндері Алматы облысында жаңбыр, қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады.
25 ақпан күні ауа температурасы 3-8 градус жылы болса, кей жерлерде -0-5 градус тіпті -18-23 градусқа дейін суытады.
23 ақпанда түнде Ақтөбе облысының оңтүстігінде бұрқасын, күндіз кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа, солтүстікке ауысады, кей жерлерінде екпіні 15-20 м/с, түнде 23 м/с болмақ.
Ақтөбе қаласында 23 ақпанда күндіз жаяу бұрқасын болады. Ертең Батыс Қазақстан облысының кей жерлеріне тұман түсіп, жаяу бұрқасын болуы ықтимал. Солтүстіктен жел соғады, желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді.
23 ақпанда Орал қаласында жаяу бұрқасын болады. Солтүстіктен жел соғады, екпіні –18 м/с.
24- 25 ақпанда Жамбыл облысының кей жерлерінде жаңбыр, қар жауады, бірқатар өңірде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында желдің екпіні 30 м/с және одан да жоғары болуы ықтимал.
25 ақпанда түнде ауа температурасы 10-15, кей жерлерде 18-23 градус аязға дейін күрт төмендеуі мүмкін.
24-25 ақпанда Тараз қаласында кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады. 23-25 ақпанда оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады, желдің екпіні 23-28 м/с. 25 ақпанда түнде ауа температурасының 10-12 градус аязға дейін баруы мүмкін.
23-25 ақпанда Түркістан облысында кей жерлерде жаңбыр, қар жауады, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болуы ықтимал.
Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, 24 ақпанда таулы шатқалдарда желдің екпіні 30 м/с және одан жоғары болмақ.
24 ақпанда Шымкент қаласында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, 23 ақпанда күндіз, 24 ақпанда тәулік бойы желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с болады.
24 ақпанда Түркістан қаласында бұрқасын, көктайғақ болады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, 23 ақпанда күндіз, 24 ақпанда тәулік бойы желдің күші – 15-20, екпіні – 23 м/с.
23 ақпанда Ақмола облысында күндіз кей жерлерде қалың қар түседі. 23-25 ақпанда кей жерлерінде бұрқасын, тұман болады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады.
23-25 ақпанда Көкшетау қаласында жаяу бұрқасын болжанады, шығыстан, оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
24 ақпанда Қызылорда облысында ауа температурасы 15-20, кей жерлерде 23 градус аязға дейін күрт төмендеуі ықтимал.
23 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын болуы мүмкін. Жел оңтүстіктен батысқа ауысып соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с-қа күшеюі ықтимал.
23 ақпанда Қызылорда қаласында күндіз көктайғақ, бұрқасын болжанады. Жел оңтүстіктен батысқа ауысып соғады, екпіні 15-20 м/с болады.
23-24 ақпанда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, кей жерлерінде күші 15-20, екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал.
23 ақпанда Қарағанды қаласында жаяу бұрқасын болады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.
23 ақпанда күндіз Жезқазған қаласында жаяу бұрқасын болып, жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, екпіні – 15-20 м/с болады.
23 ақпан Атырау облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде, күндіз көп бөлігінде желдің күші 15-20 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал.
23 ақпан түнде Атырау қаласында жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.