• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 23 Ақпан, 2021

Коронавирус жұқтырған 245 адамның жағдайы нашар

137 рет
көрсетілді

Қазақстанда коронавирусқа шалдыққан 245 науқастың жағдайы ауыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

23 ақпандағы мәлімет бойынша, 20 780 адам коронавирус инфекциясынан емделуде. Олардың ішінде 4 638 пациент стационарда, 16 097 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Коронавирусқа шалдыққандардың арасында 245 адамның жағдайы ауыр, 55 пациенттің жағдайы өте ауыр, 48 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.