Шымкентте бейнебақылау камералары қылмыстың ізін суытпай ашылуына үлкен көмегін тигізуде, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 2021 жылды құқық бұзушылықтардың алдын алу және «қадамдық қолжетімділіктегі полиция» қағидатын жүзеге асыру жылы деп жариялады. Шымкентте қабылданып жатқан жедел алдын алу шаралары қоғамдық орындарда жасалған қылмыстарды төмендетуге ықпал етуде.
Мәселен, Жедел басқару ортылығы бейнебақылау тобының инспектоларымен 15-21 ақпан аралығында сыртқы бейнекамералары арқылы жеті қылмыс ашылды. Олар: ұрлық – үш, бұзақылық – үш, басқа да –бір. Бейнебақылау камералары заң бұзушылықтың алдын-алуға, қылмыстың ізін суытпай ашылуына үлкен көмегін тигізуде. Ал 102 арнасына әр түрлі сипаттағы 6294 қоңырау шалынды. Оның 2 648-і тіркеуге алынып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 923 жайт анықталып, хаттамалар толтырылды.
Оның ішінде: ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (Қоғамдық орындарда қоқыс тастау) бойынша – он бір жайт; ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы (Қоғамдық орындарда мас халде жүру) бойынша – 24; ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы (Қоғамдық орындарда қайыршылық жасау) бойынша – 20, жол ережесін бұзғандар – 768 , одан басқа да 100 жайт анықталды.