Батыс Қазақстан облысында барлық бағыттағы жолдар жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ауа райының нашарлауына байланысты жергілікті сағат 10.00-ден бастап барлық бағыттағы жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды. Жабылу себебі – қатты боран. Қазіргі кезде Орал қаласында да боран соғып тұр», делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бүгін Оралда бастауыш сыныптар қашықтан оқып жатыр.