• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Ақпан, 2021

Шымкентте көші-қон заңнамасын бұзған 245 шетелдік анықталды

185 рет
көрсетілді

Шымкентте «Мигрант» профилактикалық іс-шарасы барысында іздеуде жүрген төрт қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Көші-қон заңнамасы бойынша үш қылмыстық жайт анықталды.2021 жылдың 15-19 ақпан аралығында Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен жүргізілген «Мигрант» профилактикалық іс-шарасы барысында Қазақстан Республикасына келіп-кету және болуы бойынша көші-қон заңнамасын бұзған 245 шетелдік және 74 Қазақстан Республикасының азаматы анықталды.

2018-2020 жылдар аралығында көші-қон заңнамасын бұзған сегіз шетелдіктер сот шешімін орындамай жүргені анықталып, ел аумағынан шығарылды.

Іс-шара барысында шетел азаматын заңсыз тұрғын үймен қамтамасыз еткен 59 және шетел жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 15 Қазақстан Республикасының азаматтары анықталды. Оларға ҚР ӘҚБтК-нің 518 және 519-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабы бойынша үш жайт анықталды. Сондай-ақ, іздеуде жүрген төрт қылмыскер ұсталды. Қоғамдық орындарда қайыршылықпен айналысып, азаматтарды мазалап жүрген үш шетелдік анықталды. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы 3-бөлігімен әкімшілік хаттамалар толтырылды.