• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Ақпан, 2021

Сенат Төрағасы Франция елшісімен кездесті

136 рет
көрсетілді

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Франция Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дидье Канесспен кездесті.

Кездесу барысында екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту, оның ішінде парламентаралық байланысты арттыру мәселелері сөз болды.

«Қазақстан Парламентінің екі палатасында да Франция Парламентімен ынтымақтастық бойынша топ жұмыс істейді. Біз парламентаралық байланысымыздың серпінді қарқынын сақтауға және француз парламентариімен сындарлы жұмыс істеуге мүдделіміз», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар Сенат Төрағасы елдеріміз арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстың табысты дамып келе жатқанын атап өтті. Екі мемлекеттің қолдауымен 2018 жылы «Абай-Верн» халықаралық білім бағдарламасы қолға алынған еді. Бүгінде осы бастама бойынша алғашқы стипендиаттар Францияда оқуларын аяқтап үлгерді.

«Қазақстандық студенттер Францияда «Болашақ» бағдарламасы бойынша да білім алуда. Қазіргі таңда бұл бағдарламаның түлектері елімізде мемлекеттік қызметте және жеке секторда лайықты еңбек етіп жүр. Сондай-ақ, Алматыда «Сорбонна-Қазақстан» институтының жемісті жұмысын атап өткен жөн. Қазақстанның бірнеше қаласында «Альянс-Франсэз» мәдени-білім беру агенттігінің өкілдіктері жұмыс істейді. Мұның бәрі елдеріміздің мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастығының нақты нәтижесі екені сөзсіз», – деді Сенат Төрағасы.

Одан бөлек, Мәулен Әшімбаев Қазақстан Парламентінің Сенаты екіжақты ынтымақтастыққа қатысты осы және басқа да мәселелер бойынша тиісті жұмыстарды атқарып, Қазақстан мен Франция арасындағы қарым-қатынасты әрі қарай нығайтуға ықпал етуді жалғастыра беретінін жеткізді.