• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Ақпан, 2021

iQala орталығында 90 мыңнан астам қызмет көрсетілді

313 рет
көрсетілді

iQala орталығында жеке және заңды тұлғалар үшін 152 қызмет түрі қолжетімді. Бүгінге дейін орталық 90 000-нан астам қызмет көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта орталықта «Астана-АЭК» АҚ, «Астана-Теплотранзит» АҚ, «Астана су арнасы» МКК, «Clean city NC» ЖШС, «SPK Astana Development» ЖШС, «Астанаэнергосбыт» ЖШС, «Қазақтелеком» АҚ және т.б. ұйымдардың қызмет түрі ұсынылады.

Елорда тұрғындары www.iqala.kz порталы арқылы қызметтерді онлайн режимінде ала алады.

Бұдан басқа, қалалық қызметтер орталығы «Астана ЕРЦ» ЖШС-ның деректер базасымен интеграциялау есебінен Telegram-бот құрды. «IQalakz_bot» көмегімен жеке шот нөмірін енгізу арқылы БТҚ-ның соңғы түбіртегін бірден алуға болады.

Орталықтың міндеті «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет алу үдерісін барынша жеңілдету болып саналады. Бұл дегеніміз инстанциялар арасындағы жүру бағытын межелі бір нүктеге дейін азайту, ал қызмет алу барысын едәуір ыңғайлы ету.

Қала тұрғындарына құжаттарға мөр бастыру үшін көптеген мекемелерге жүгірудің қажеті жоқ. Ол үшін iQalа орталығының Қошқарбаев даңғылы 29 мекенжайындағы фронт-кеңсесіне жүгіну жеткілікті.

Естеріңізге сала кетейік, елорда тұрғындары iQalа қалалық қызмет көрсету орталығының жұмысына қатысты кез келген сұрақ бойынша 109 (iKomek) Бірыңғай байланыс орталығына хабарласа алады.