Елімізде 1 наурыздан бастап карантин талаптары жеңілдейді. Бұл туралы Атамекен ҰКП төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева Facebook парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Ведомствоаралық комиссияның отырысында коронавирустың таралу қарқынының төмендеуіне байланысты «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының бірқатар ұсынысы қабылданды», деп жазды Ю. Якупбаева
Оның айтуынша, 1 наурыздан бастап бірқатар нысанның жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.
Жасыл аймақта:
1) жанкүйерлер қатысатын спорт жарыстары (қатысушылар саны талқыланып жатыр)
2) 50 адамға арналған еске алу асы (залдың 30% ғана толтыра отырып)
3) бильярд қызметіне
4) ғимараттардағы балаларға арналған ойын-сауық клубтарына;
5) цирктарға
Сары аймақта:
Базарлар мен сауда, ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері жексенбі күні де жұмыс істей алады.
АШЫҚ қосымшасы:
1) боулинг қызметі;
2) компьютер клубтарының қызметі;
3) фитнесс-орталықтар, бассейндер – жасыл және сары аймақтар үшін жұмыс істеуге рқсат етілді.
«Жалпы алғанда санитарлық талаптарды сақтай отырып, бизнестің жабық нысандарының да жұмыс істеуіне рұқсат етуге болады деген түсіністік бар», делінген жазбада.