Атырауда жауған қалың қар қолайсыз ауа райының сақталуына, тұрғындардың жарақат алуына себеп болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Облыстық аурухана баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, дәрігерлерге өткен бір тәулікте 43 адам жарақат алғаны жөнінде жүгініпті. Оның төртеуі жол-көлік оқиғасының салдарынан жарақат алыпты.
«Қалғаны көшеде құлап, әр түрлі жарақат алған. Дәрігерлер 7 адамның жарақатына гипс салуға мәжбүр болды. Көшеде жарақат алғандардың бәрі – ересектер. Ал, кәмелетке толмаған балалар өз үйінде жарақаттанған», деп мәлім етті аурухананың баспасөз қызметі.