• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Білім 25 Ақпан, 2021

Қарағандыдан – Әбу-Дабиге

320 рет
көрсетілді

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары өздерінің білім саласындағы жетістіктерімен үнемі қуантып жүреді. Таяуда аталған білім мекемесінен тағы да жағымды жаңалық жетті.

Аталған мектептің 12-сыныбында оқитын Гүлсім Әзі­рах­мет пен Ұлан Құндызбай Әбу-Дабидегі Нью-Йорк универ­си­тетінің толық грант иегерлері атаныпты. Бұл оқу орнында олар инженерлік сала бойынша білім алатын болады.

Авиация инженері маман­дығын таңдаған Гүлсім болашақ­та әуе апаттарының алдын алуға көмектесетін жүйені құруды ар­­ман етеді. Ол өзінің бакалавриатта алған білімі ұшақ­тың құ­рылымын және автомат­тан­­дырылған жүйелерді құру алго­ритмін түсінуге көмекте­сетініне сенімді.

Ал Ұланның таңдауы физи­каға түсті. Нью-Йорк универ­ситетінде ол осы саладағы білімі мен дағ­дыларын тереңдеткісі келеді.

– Инженер болғым келеді,  дейді талапты жас. – Әрине уни­верситетте нақты саланы таң­дайтын боламын. Инженерия қоғам үшін маңызды, өйткені инновациялар мен өнертабыстар адамдардың өмірін жеңілдетеді және адамзаттың дамуын алға жылжытады.

Әбу-Дабидегі Нью-Йорк уни­вер­ситетінің филиалы 2010 жылы ашылған. Қазірдің өзінде абырой мен бедел жиып үлгер­ген бұл оқу орны жыл сайын дүние жүзі бойынша дарынды студенттерді іздейді және оларға түрлі стипендиялар мен гранттар түрінде қаржылық қолдау көрсетіп отырады.

 

ҚАРАҒАНДЫ