Парламент Мәжілісі Қазақстанның мемлекеттік наградалары туралы заңға енгізілетін түзетулерді қабылдады. Құжатқа сәйкес, елде үш жаңа орден пайда болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң жобасы Парламент Сенатының қарауына жолданды.
«Ерлік ешқашан ескірмейді»: Тоқаев Кенжебай Мәденовтің ұлына Алтын жұлдыз бен «Отан» орденін тапсырды
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев «Қожа Ахмет Ясауи» орденін мемлекеттік наградалар тізіміне енгізу туралы жарлыққа қол қоятынын мәлімдеген болатын. Кейін Мемлекет басшысы «Әл-Фараби» орденін тағайындауды да ұсынған еді.
Биыл «Мейірім», «Қожа Ахмет Ясауи» және «Әл-Фараби» ордендері алғаш рет Республика күні қарсаңында табысталмақ.
Нұрболат АМАНБЕК