• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Білім Бүгін, 16:51

ҰБТ-да құқықтары бұзылған талапкерлер қайда жүгіне алады?

ҰБТ тапсыру кезінде құқықтары бұзылған талапкерлер комплаенс қызметіне жүгіне алады. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Орталық мәліметінше, тестілеу пункттерінде қауіпсіздік пен бақылаудың бірнеше деңгейлі жүйесі енгізілген. Емтиханның ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз ету мақсатында кіреберістерде металл іздегіштер мен тұлғаны тану жүйесі қолданылады. Аудиторияларда емтихан барысы үздіксіз бейнебақылауға жазылады.

Тестілеу аяқталғаннан соң бейнебақылау жазбалары алты ай бойы жан-жақты қаралады.

«Талапкерлермен қатар орталық қызметкерлері де тексеріледі. Заңсыз көмек көрсеткен немесе ережені бұзған қызметкерлерге қатаң шара қолданылады. Қажет болған жағдайда материалдар құқық қорғау органдарына жіберіледі», деді орталықтың комплаенс офицері Ғалымжан Мұхамедияров.

Биыл ҰБТ тапсыруға 239 мыңнан астам талапкер тіркелді

Еске салайық, биыл ҰБТ-ға қатысу үшін шамамен 240 мың талапкер тіркеліп, екі мәрте тест тапсыру мүмкіндігімен 446 мыңнан астам өтініш берілген. Ал 10 мамырдан бері елімізде 139 мыңға жуық түлек  Ұлттық бірыңғай тестілеуін тапсырып, оның 115-і тәртіп бұзғаны үшін аудиториядан шығарылған.

Соңғы жаңалықтар