Жапонияда алапат тайфун салдарынан елдің оңтүстік-батыс аймақтарында электр қуаты жаппай үзіліп, жүздеген әуе рейстері тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жергілікті халық арасында «Джангми» деп аталған тайфун күншығыс елінің Окинава аралы мен Кагосима аймағына залал келтірген. Жапония үкіметі өкілі Минору Кихараның мәліметінше, Окинавада табиғи апат салдарынан 9 адам жарақат алған.
Кагосима аймағында 30 мыңнан астам үй жарықсыз қалса, Окинавада тағы 17 мыңға баспана электр қуатынан ажыратылған. Теңіз дауылына байланысты Жапонияның екі ірі әуе компаниясы – All Nippon Airways және Japan Airlines шамамен 600 рейсті тоқтатуға мәжбүр болды.
Үндістандағы табиғи апат: Жойқын дауылдан 89 адам қаза тапты
Қазір Жапонияда құтқару қызметтері зардап шеккен өңірлерде қалпына келтіру және қауіпсіздік жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін елдің оңтүстік-батыс жағалауында магнитудасы 5,9 болатын жер сілкінісі тіркелген болатын.