Алматы вагон депосының директоры сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық іс аясында ұсталып, тергеу мерзіміне қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы вагон пайдалану депосының директоры жемқорлыққа қатысты қылмыстық іс бойынша күдікке ілінді. Оның ұсталғаны 9 сәуір күні белгілі болған.
Тергеу мәліметінше, іс күдіктінің 2024–2025 жылдар аралығындағы қызмет кезеңіне қатысты жүргізіліп жатыр. Сот шешімімен ол тергеу аяқталғанға дейін қамауға алынды.
40 млн теңге пара алған: Өскеменде сот алқасының төрағасы ұсталды
«Қазақстан темір жолы компаниясы» тергеу органдарымен толық ынтымақтастық орнатып, қажетті құжаттарды ұсынып жатқанын мәлімдеді.
Сонымен қатар депода ішкі тексеру басталды. Компания мамандары ықтимал заң бұзушылықтардың себептері мен оған жол берілуіне әсер еткен жағдайларды анықтап жатыр.
Шымкентте кәсіпкерден 25 млн теңге алған жалған тексеруші ұсталды
Тергеу аяқталғанға дейін компания өкілдері қосымша түсініктеме беруден бас тартты.