Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында аймақтардағы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар жайында сөз етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Аймақтардың әлеуетін арттыру мақсатымен кезінде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар құрылды. Мұндай құрылымдар қазір барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда жұмыс істейді», деді Мемлекет басшысы.
Еске сала кетейік, елордада Президенттің қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысы өтіп жатыр.