• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 25 Ақпан, 2021

Президент жер сату мәселесіне нүкте қойды

864 рет
көрсетілді

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында қазақтың жері шетелдіктерге сатылмайтынын және қауесеттерге ермеу керектігін еске салды, деп хабарлайды Egemen.kz

«Халқымыз үшін жер мәселесі қашанда аса маңызды. Бұл – мемлекеттігіміздің берік негізі және қасиетті символы. Қазақтың жері шетелдіктерге сатылмайды деп бірнеше рет айттым. Бұл мәселеге қатысты қауесеттерді тоқтату қажет», дейді Президент.

Осы орайда Мемлекет басшысы нақты шешім қабылдағанын айтты.

«Сондықтан, мен мынадай нақты шешімдер қабылдадым. Біріншіден, шетелдіктерге және шетелдік заңды тұлғаларға  ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға, жалға беруге заң жүзінде біржола тыйым салуды тапсырамын. Бұл шетелдіктердің үлесі бар заңды тұлғаларға да қатысты», дейді Қ.Тоқаев.