Қарулы Күштердің қару-жарақ пен әскери техниканың халықаралық нарығын зерттеу аясында қазақстандық сарапшылар ARMA-8x8 түрік бронды машинасының мүмкіндіктерін бағалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қарағанды гарнизонындағы «Спасск» оқу-жаттығу полигонында NEFER жауынгерлік үлгідегі ARMA-8x8 брондалған дөңгелекті машинаның мүмкіндігі көрсетілді.
Көліктің жауынгерлік мүмкіндіктері мен борттағы қару-жарағы тәуліктің түрлі мезгілінде сынақтан өткізілді.
Өндірушінің мәліметіне сүйенсек, бұл NEFER (7,62 мм қосарланған оқшашармен 30 мм 2А42 автоматты зеңбірегі) әскери машинасын Қазақстан әскері пайдалану үшін арнайы әзірлеген.
Ол түнгі уақытта көздеу кешені мен жылуға ден қоюшы камераны қолдана отырып, атыс жүргізеді.Бұл айқын көрініс пен мақсатты дәлдеп зақымдауды қамтамасыз етеді.