• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Экономика 25 Ақпан, 2021

Қазақстанда жаңа кен орны табылды

1124 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысындағы Бейнеу және Маңғыстау аудандарының аумағында орналасқан Тепке учаскесінен ТЗ- бірінші барлау ұңғымасынан мұнай бұрқағы атқылады. Алынған сынамалар бойынша мұнай сапасы өте жоғары, жеңіл, күкірті жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл қуанышты хабарды облыс әкімі С.Трұмовпен кездескен Меридиан Петролеум компаниясының президенті Б. Қуандықов жеткізді. Оның айтуынша Тепкедегі кенорын - еліміз тәуелсіздігін алғалы 30 жылда Маңғыстау облысында ашылған алғашқы ең ірі кен орны болмақ. «2018 жылы басталған геологиялық барлау жұмысы нәтижесін берді. Алынған мұнайдың қысымы, дебиті, газдық факторы және басқа да параметрлері бойынша ірі кен орны болады деп жоспарлап отырмыз. Қазір кенорнындағы мұнай қорын анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Жаңа кенорынның айналасында «Қарақұдық», «Арыстан» және «Комсомольское» кенорындары орналасқан»,-деді Меридиан Петролеум компаниясының президенті Б. Қуандықов.

Жаңа кенорнына аты аңызға айналған геолог-барлаушы, Маңғыстаудағы барлық кенорнын ашуға атсалысқан Халел Өзбекқалиевтың есімі берілді.Облыс әкімі С.Трұмов аталған мұнай кен орнының ашылуы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына кең серпін беріп, жаңа жұмыс орындарының құрылуына жол ашылатынын айтты. Ел игілігі үшін жасалып жатқан жаңа бастамаға сәттілік тіледі.