• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Ақпан, 2021

Атырауда 477 мың теңгенің мүлкін ұрлағандар ұсталды

506 рет
көрсетілді

Атырауда өзгенің мүлкін жымқырып кеткен екі жігіт жәбірленушіге 477 мың теңгенің материалдық залал келтірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ұрлық «Нұрсая» шағын ауданындағы үйлердің бірінде болған.

«Полиция қызметкерлері тұрғын үйдің есігін бұзып кірген ұрылар 14 дана жылыту батареясын, 1 дана перфораторы мен 250 метрлік кабельді қол еткенін анықтады. Тәртіп сақшылары аталған ұрлыққа қатысы бар екі күдіктіні видеокамераның көмегімен бір күнде ұстады. Күдіктілер – Атырау қаласының 32 және 31 жастағы тұрғындары. Ұрылар жәбірленуші азаматқа 477 мың теңге көлемінде материалдық залал келтірген» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы, 3 бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.