• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Үкімет 25 Ақпан, 2021

Қазақстан Елшісі Моңғолияның премьер-министрімен кездесу өткізді

124 рет
көрсетілді

Қазақстан Елшісі Жалғас Әділбаев Моңғолия Премьер-Министрі Лувсаннамсрай Оюун-Эрдэнэмен кездесті, деп хабарлайды Еgemen.kz

Елші Лувсаннамсрай Оюун-Эрдэнэні қызметіне тағайындалуымен және дәстүрлі Шаған мерекесімен (ай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл) құттықтады. Кездесу басында отандық дипломат 2021 жылдың 27 ақпанында «Ұлан-Батыр – Алматы» және 5 наурызда «Ұлан-Батыр – Нұр-Сұлтан» бағыттары бойынша эвакуациялық арнайы рейстерді ұйымдастырғаны үшін ризашылығын білдірді.

Өз кезегінде Л.Оюун-Эрдэнэ Қазақстан мен Моңғолия арасындағы ынтымақтастық дипломатиялық қатынастар орнағаннан бері тұрақты дамуда екенін және осы ынтымақтастық деңгейін арттыру үшін барлық салаларда белсенді бірлескен іс-қимыл жасау қажеттілігін атап өтті.

Осы тұрғыда, моңғол тарапы Моңғолияның бұрынғы Премьер-Министрі Ухнаагийн Хурэлсухтың 2019 жылдың қазан айында Нұр-Сұлтанға жасаған ресми сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру бойынша жұмысты жалғастыруға дайын екенін растады. Осы орайда, Л.Оюун-Эрдэнэ жоғарыда аталған сапар барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді жүзеге асыру мақсатында арнайы жұмыс тобын құру бастамасын көтерді.