• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
28 Желтоқсан, 2013

Үкіметаралық комиссияның отырысы

247 рет
көрсетілді

Жақында Астанада Қазақстан Республикасында тұратын этностық немістер мәселелер жөніндегі Қазақстан-Германия үкіметаралық комиссиясының он бірінші мәжілісі болып өтті, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.

Жақында Астанада Қазақстан Республикасында тұратын этностық немістер мәселелер жөніндегі Қазақстан-Германия үкіметаралық комиссиясының он бірінші мәжілісі болып өтті, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.

Мәжіліс шеңберінде тараптар мәдени-гуманитарлық білім беру және әлеуметтік салалардағы жүзеге асырылған шаралар нәтижелерін талқылап, 2014 жылға арналған аталған бағыттардағы негізгі басымдықтарды айқындады.

Қазақстан бұрынғысынша қазіргі таңда шамамен 130 этнос өкілдері бейбіт, қатар өмір сүріп жатқан еліміздегі ұлтаралық және конфессияаралық келісімге басым бағыт береді. Қазақстан мен Германия Қазақстандағы неміс диаспорасы, сондай-ақ, Герма­ния­дағы қазақстандық немістер екі ел арасындағы «жанды көпір» рөлін атқару­ды жалғастыруларына теңдей дәрежеде мүдделі. Және бұл жайттың екіжақты стратегиялық әріптестікті нығайта түсуге ықпал ететіні түсінікті.

Осы тұрғыдан келгенде, Қазақстан немістерінің «Воз­рождение» қоғамдық бірлестіктер қауымдастығы маңызды рөл атқарады. Мәжіліс барысында қауымдастықтың қызметі туралы баяндамалар тыңдалды. Комиссия болашақта да қауымдастықтың екі ел арасындағы қарым-қатынастарды дамыту бағытында жүргізіп келе жатқан жұмысына оң ықпал ету ниетінде.

Мәжіліс қорытындысы бойынша коммюникеге қол қойылды.

Соңғы жаңалықтар