• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
28 Желтоқсан, 2013

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

570 рет
көрсетілді

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып Ерқанат Нұрбапаұлы Манжуов тағайындалды. Бұл туралы Gazeta.kz хабарлады.

Е.Манжуов 1968 жылы туған. Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1991 жылы Алматы облысы Жарсу кеңшарының жетекші-экономисі болып бастаған. 1991-1994 жылдары Алматы облысы Жарсу кеңшарының бас-экономисі, 1994-1995 жылдары «Ақсу» ЖШС директорының орынбасары, 1995-1996 жылдары «Алма-Тал» фирмасы директорының орынбасары, 1996-1997 жылдары Алматы қаласы әкімі орынбасарының көмекшісі, 1997-2000 жылдары Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының бөлім меңгерушісі, 2000-2003 жылдары «Метрология» РМК Оңтүстік-Қазақстан филиалының директоры, 2003-2007 жылдары «KEGOC» АҚ басқарма бастығының орынбасары, 2007-2008 жылдары «KEGOC» АҚ-ның Ақтөбе филиалының директоры, 2008-2009 жылдары «Алматы электр станциясы» АҚ коммерциялық директоры, 2010-2011 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары болды.

Жаңа тағайындауға дейін 2011 жылдың қыркүйек айынан бастал облыстық қаржы басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: Gazeta.kz

Фото: Inform.kz

Соңғы жаңалықтар