• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
27 Желтоқсан, 2013

Павлодарда облыс әкімінің орынбасары тағайындалды

305 рет
көрсетілді

Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаевтың өкімімен және Президент Әкімшілігінің келсімімен Ғани Қалыбайұлы Сәдібеков облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ғ.Сәдібеков 1967 жылғы 23 қазанда туған. Алматы халық шаруашылығы институтын, қырғыз мемлекеттік ұлттық университетін бітірген. Мамандығы – экономист, заңгер.

Ғ.Сәдібеков еңбек жолын Алматы облысы Ұзынағаш ауданындағы «Салқын саз» кооперативінде бастаған. Алматы қаласы Совет аудандық әкімшілігінің шаруашылық есеп қызметінің директоры, инфрақұрылымды дамыту және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі, ал 1997-2002 жылдары Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының меңгерушісі, аудан әкімінің орынбасары, 2002-2088 жылдары Алматы қаласы өнеркәсіп және сауда департаменті бастығының орынбасары, Алматы қалалық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы, Алматы қаласының бас мемлекеттік экологиялық инспекторы қызметтерін атқарған.

Ғ.Сәдібеков 2008-2009 жылдары Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Балқаш-Алакөл экология департаменті бастығының орынбасары болды. 2009-2010 жылдары – Жамбыл облысы әкімі аппаратының жетекшісі болса, 2010 жылғы желтоқсаннан – облыс әкімінің орынбасары.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фото: Павлодар облысы әкімінің ресми сайты

Соңғы жаңалықтар